КРУГЛООЗЕРНЫЙДА «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ
Орал қаласы Круглоозерный кентінде «Жастар» саябағы ашылды. Демалыс орны ауыл бюджетінің үнемделген қаржысына абаттандырылған. Сондай-ақ бұл саябақ балалар ойын алаңы, street workout және спорт алаңы, отбасы, ғашықтар аллеясы сынды бірнеше аумаққа бөлінуімен ерекшеленеді. Бүгін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев саябақтың ашылуына қатысып, халықтың қуанышымен бөлісті.

– Круглоозерный кентінде соңғы жылдары халықтың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Білім ұясы жөндеуден өтті. Өткен жылдардан бастап жолдар салынуда. Балабақша жайы да шешіле келді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында жер телімі бөлініп, бөбекжай құрылысы басталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Самұрық Қазына Траст» компаниясы өз есебінен қаламызға 14 замануи спорт алаңын салып берді. Соның бірі – осы ауылға салынды. Ал саябақ халықтың ұйғарымымен жергілікті өзін-өзі басқару қағидасына сәйкес үнемделген қаржы есебінен жаңғыртылуда. Осындай игі істеріміз көп болсын, – деді Мұрат Рахметұлы.
Кенттік округ әкімі Кенесары Нұршиновтың айтуынша, саябақты абаттандыру мәселесі – округ әкімінің халыққа есеп беру жиынында көтерілген. Сол ұйғарым бойынша ескі саябақты абаттандыру, қоршау, орындықтар, жарықшамдар орнату, өрнектастар төсеу жұмыстары жүргізілген. Балалар ойын алаңы мен спорт алаңы ғана «Самұрық Қазына Траст» компаниясы есебінен жабдықталған. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында келесі жылды – «Жастар жылы» деп атауды ұсынған болатын. Сол себепті круглоозерныйлықтар қолдау ретінде жаңа саябақты «Жастар» деп атаған.
– Саябақ үшін арнайы жоба жасалған жоқ. Әкімдіктің шеңберіндегі үнемделген қаржыға жасалуда. Круглоозерный көп ұлтты халқы бар кенттік округ. Сондықтан, бір секцияны – Достық алаңы деп атадық. Бұдан бөлек отбасы, ғашықтар аллеясы, балалар ойыны мен спорт алаңы үшін орын белгіленді. Үнемделген қаржыға жасалып жатқандықтан, әлі бітпеген жұмыстар бар. Ақшаның мүмкіндігіне қарай алдағы уақытта мәдени-көпшілік іс-шаралар үшін сахна салуды көздеп отырмыз, – дейді Кенесары Нұршинов.


Ардагер-ұстаз Аққайша Оразқызы, белсенді жастар атынан Мерей Ғайнуллин сөз алып, жерлестерін, замандастарын саябақты күтіп ұстауға шақырды. Лента қиылып, шашу шашылған соң, ауыл тұрғындары саябақты қызықтады. Ауыл үлкендері мен жастар тал-терек отырғызуға қатысты. Серебряков, Круглоозерный жастары арасында футболдан жолдастық кездесу өткізіліп, саябақтың ашылуына орай қалалық мәслихат депутаты Серік Мұхамбетқалиев пен жергілікті кәсіпкер Асия Мұратова ауыл жастарына сый-сыяпаттарын табыс етті.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу