8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қаңтар 2019 2781 0
Жалын

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» РЕСМИ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ!

Бүгін Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Жастар» жылының салтанатты ашылуы өтті.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары»  атауымен  өткен іс-шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары,  жергілікті атқарушы органдардың басшылары,  ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары,  «Болашақ» бағдарламасының түлектері,  ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері,  спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар ұл-қыздар мен  әскери қызметкерлер қатысты.

Шара алдымен жас қазақстандықтардың жүзеге асырған табысты жобалары мен жаңа өнімдердерінің таныстырылымымен басталды.

Елбасының үнемі кейінгі толқынды  қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Ол мұны кезекті жолдауында да ашып айтты. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауда Елбасы 2019 жыл елімізде Жастар жылы деп аталатынына екпін түсірді. Елбасы Жарлығымен жарияланған «Жастар жылы» нені  атқаруы тиіс? Өз баяндамасында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев осы сұрақтың шешімін тарқатып, жастар үшін өзекті төрт мәселеге тоқталды.  Олар – жастардың білім деңгейін көтеру, жұмысқа орналастыру, баспанамен қамту және жасампаздық. Спикерлер ретінде түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастар баяндама жасады.

Астана төрінде өткен шараны Жайық өңірінің ізбасарлары да  тікелей эфирде көрді. Тікелей көрсетілім Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ мен  ҚазИИТУ және басқа да оқу орындарында ұйымдастырылды. Батысқазақстандықтар бірінші кезекте Нұрсұлтан Әбішұлына биылғы жылды «Жастар» жылы деп жариялағаны үшін ризашылықтарын білдірді.

                             

 

«Еріктілерге  гранттар бөлінеді»

– Елбасымыз жастардың потенциалын көтеру, бәсекеге қабілетті ең білімді, ең таланттылардың  қатарында болуы үшін жасалуы тиіс жұмыстарды айтып, Үкіметке, министрліктерге тапсырма берді. Біз үшін қуанышты жағдай – ауыл жастарының әлеуетін арттыру мақсатында «Ауыл – ел бесігі» жобасының басталуы. Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде берілетін бір реттік жәрдемақы 70 АЕК-тен 100 АЕК көлеміне көтерілетін болды. 250 мың теңге болатын қаражат ауылға барған жастарға мол қолдау. Олардың ауылдың азаматы ретінде сіңісіп кетуі үшін тиімділігі зор. Сондай-ақ Елбасы «Жас кәсіпкер» жобасын қолға алуды тапсырды. Бұған дейін кәсіпкерлік саласында мұндай ұғым болмаған еді. Бұл мәселеде өз  нәтижесін беріп, жастардың   мүмкіндігін  көрсетуіне жол ашып, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне септігін тигізеді деп сенемін. Жаңа жобалардың ішіндегі «Жас маманға»  Президентіміз ерекше тоқталды. Өйткені уақыт талабына сай бірқатар мамандықтар жойылып, олар жасанды интеллектке ауысатын болады. Қазіргі уақытта білім алушы  студенттердің мамандықтары болашақта қажетсіз болып қалуы бек мүмкін. Сол себепті бүгіннен бастап әлемдік процестерге зерттеу жасалуы керек. Жас ғалымдарды қолдау мақсатындағы қосымша гранттардың берілуі де дер кезінде қабылданып отыр. Бұл азаматтарды тың жобаларды жүзеге асыруына ынталандырып, адамдардың өмір сүру жағдайын жеңілдетуіне, денсаулық сақтау саласын ілгерілетуіне септігін тигізеді.  Көңілімізді серпілткен тағы бір жағымды жаңалық – еріктілердің мәртебесін көтерудің назарға алынуы. Негізгі сабақтарымен қоса ақысыз, пұлсыз еріктілік қызметпен айналысып, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, облыс аумағындағы шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жүрген белсенді ұл-қыздар көп-ақ. Алайда, оларды қолдау төмен. Осыған да ерекше тоқталған Мемлекет басшысы еріктілер үшін 30 пайыздық мөлшермен гранттар қарастыруды көздеп отыр. Бұл басқосуда  Елбасы тілге тиек еткен бастамалар жетерлік. Әлі де жастарды қолдау мақсатындағы жобалар аз болмайды. Елбасы бастамасына орай өңірде де жарқын істер атқарылады деп сенемін. Президентіміз салтанатты жиында туризмді дамыту, жеріміздің қасиетті, шұрайлы өлкелерді таныстыру мәселесін де  қозғады. Біз, батысқазақстандық жастар бұл мақсатта жұмыстанатын боламыз. Жыл сайын «Сакралды Қазақстан» жобасы бойынша жасотандықтар және оқу орындары студенттері облысымыздың түкпір-түкіпіріндегі киелі орындарға, тарихи мекендерге саяхат ұйымдастырып, шежіресіне үңіліп,  өлкемізді танып-білуімізге жағдай жасап келеміз. Бұл әрине керек және өте маңызды жоба деп санаймын. Сондай-ақ өз тарапымыздан ауыл жастарының әлеуетін көтеру мақсатындағы «English for Jastar» жобасын жалғастыратын боламыз. Кәсіпкерлікпен айналысатын  ынталыларға бағыт беру, тәжірибелі бизнесмендермен кездестіру біздің күн тәртібімізден түспейді.   Бұдан басқа да санаттағы жастарымыз қолдаудан шет қалмайды, – дейді «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
55 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
273 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
764 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1072 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1501 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2117 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2284 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2291 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2339 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2345 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1987 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2825 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2881 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2874 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3484 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3456 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3442 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3420 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3584 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3630 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»