ЖАСОТАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ
Қайырымдылық айлығы аясында қазақ эстрадасының жұлдыздары Орал қаласындағы ардагерлердің үйлерінде болды.


«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған шарада танымал әнші, халықаралық жарыстардың лауреаты Рүстем Жүгінісов және эстрада жұлдызы, домбырашы Ұшқын Жамалбек жасотандықтармен бірге Петр Борисович, Галина Ефимовна және Қабира Абатқалиева сынды ардагерлердің үйлеріне барып, 1 қазан қариялар күнімен құттықтады және аулаларындағы шөптерді жұлып, тазартуға көмектесті.
Сондай-ақ «Жас Отан» жастар қанатының БҚО филиалы «Ақ Отау» қоғамдық бірлестігімен қаламыздың зейнеткерлері, жалғыз басты ардагерлеріне арнап «Күзгі вальс» мәдени шарасын ұйымдастырды. Би кеші барысында әскери үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті. Жасотандықтар белсенді қатысқан ардагерлерге арнайы сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Жалпы партиялық «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ағымдағы жылы батысқазақстандық жасотандықтар 150-ден астам Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлерінің, жалғыз басты зейнеткерлердің үй шаруашылығына көмек көрсетіп, туған күн мерекелерімен құттықтап, мәдени, мерекелік шараларды ұйымдастырып келеді.
Азамат МАҒЗОМ,
«Жас Отан» ЖҚ БҚОФ менеджері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу