ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ АДАЛДЫҚҚА ШАҚЫРДЫ
«Адалдық» туралы жиі айтамыз. Әйткенмен, осы ұғымның мағынасына терең үңіліп жүрміз бе? «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында жас ұрпақты парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп лагерінде осы тақырып кеңінен талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен өткен шарада қалалық «Атамекен» лагерінің демалушыларына департамент басшысы Р.Ақмырзаев, ҚР «Үздік мемлекеттік қызметшісі» төсбелгісінің иегері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы БҚО филиалының профессоры М.Нұртазин, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары О.Насимуллин және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б.Хайруллин дәріс жүргізді.

Жас жеткіншектермен кездесу шарасын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаев ашып, жемқорлық деңгейін төмендету мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастырудағы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, ерте жастан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеудің маңызын атады. Осы орайда сөз алғандар дамыған ел қатарына енуде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының деңгейін төмендету негізгі міндет екенін және оған әр адамның үлесі болуы керектігін жеткізді.
– 250 жыл бұрын АҚШ президенті болған Авраам Линкольн баласын мектепке бергенде білім ұясының директорына хат жазған. Хатында баланы еңбекқорлыққа, өзгелерді сыйлауға үйретуін сұрап, «Еңбекпен тапқан 1 доллар көшеден тауып алған 5 доллардан қымбат, берекелі екенін санасына сіңіріңіз» деген екен. Бұл мысал арада екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, мәнін жоғалтқан жоқ. Адал еңбек қана бізді биікке жетелейді. Абай атамыз қара сөздерінде көптеген мәселелерді көтеріп, біздің кейбір азаматтарымыздың еріншектігі туралы айтып, өкінішін білдіреді. Шәкәрім Құдайбердіұлы адам баласына мінез-құлық қалай бітсе, тағдырына соның әсері болатынын айтқан. Бойларыңызға адамгершілік, адалдық қасиетті жиып, мінез-құлықтарыңызға үйлестіре білсеңіздер қоғамның парасатты перзенті болатындарыңызға сенемін, – деп кеңесін берді мемлекеттік қызмет саласының ардагері Мирболат Нұртазин.
Кездесу аясында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызмет барысы туралы баяндалды. Осы ретте балғындар «Адалдық» ұғымы туралы өз ойларын бөлісті. Парасаттылықты қалыптастыру, адал жолмен табысқа жету мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойып, сала мамандарының кеңестері мен ой-пікірлерін тыңдады.
Шара соңында дәріске қатысқан жеткіншектерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп лагеріне қатысқанын растайтын сертификат табысталды.
Айта кету керек, жастар мен жасөспірімдерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жұмыстары өңірдегі білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесінде, оның ішінде тәрбие сағаттары, кездесулер, байқаулар ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында қолға алынған бастамалардың бірі – «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын ұйымдастыру. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сандуғаш Сайынқызының мәліметінше, қазіргі уақытта облыс мектептерінде 309 клуб құрылған. «Адал ұрпақ» қатарында 5406 ерікті бар.



Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу