Жас полиглоттар жаңа белестерді бағындыруда
Бірнеше шет тілін қатар меңгеру қазақстандық мектеп оқушылары үшін қалыпты жағдайға айналды, өйткені тіл білудің көптеген артықшылығы бар, сонымен қатар дүниетанымды кеңейтіп, қарым-қатынас дағдыларын дамытады.

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының неміс тілін меңгеріп жатқаны бірінші жыл емес. Бірнеше ай бұрын олар неміс тілінде сауатты жазуды насихаттау мақсатындағы «Tolles Diktat» халықаралық акциясына қатысты. 11-сынып оқушысы Тимур Булатов Қазақстанды лайықты түрде таныстырып, бірінші орын алған болатын.
Осы аптада Тимур тағы бір жеңісімен қуантты, ол Қазақстандағы Гете институты ұйымдастырған неміс тілінен республикалық олимпиадада екінші орынды иеленді. Биыл олимпиада пандемияға байланысты онлайн режимде өтті, қатысушылар тест тапсырып, сөйлеу дағдыларын көрсетті. Бірінші орынды жеңіп алған қатысушының нәтижесінен сәл ғана аз ұпай жинаған оралдық зияткер неміс тілі бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысу резервіне енді.
Тимур жеті жұрттың тілін меңгеруді армандайды. Қазір ағылшын тілінен басқа неміс және жапон тілін үйреніп жүр.
– Жапон тілін меңгеруді хоббиім деп айтар едім, жаңа нәрсені үйрену маған қуаныш сыйлайды. Мен тіл үйрену барысында бәрінен бұрын сөздік және оқу дағдысына мән беремін, өйткені бұл тілдің маңызды бөліктерінің бірі деп ойлаймын, – дейді ол.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу