8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2018 3601 0
Өзек

ЖАРНАМАДАҒЫ СӘТСІЗ АУДАРМАЛАР

Қала көшелеріндегі көрнекі ақпарат тілі ақсап тұр. Әсіресе, кәсіпкерлердің жарнамаға атүсті қарайтыны кім-кімге де белгілі. Көрнекі ақпараттардағы тіл нормаларының сақталуына қалай бақылау жасауға болады? «Телегей» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жиында осы мәселенің шешу жолдары өткен аптада тіл жанашырларының талқысына түсті.

       

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қоғамдық саяси маңызға ие тіл нормаларының сақталуын қадағалау, зерделеу мақсатында игі жұмыстарды атқаруда. Мәселен, бөлім басшысы Қуанышбек Мұқанғалиевтің айтуынша, биыл «Еуразия» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығымен бірлесіп, «Қазақша жарнама» акциясын жүргізген. Бұл жұмысты атқаруда облыстық «Қазақ тілі» қоғамының да үлесі зор. Ұйым төрағасы Алтынбек Әбділмановтың айтуынша, соңғы бес жылда аралас тілдегі немесе таза ағылшын тіліндегі жарнамалардың белең алғаны байқалады.  «Шапкинshop», «Шашлыкoff», «Азия МALL», «Alem Plaza», «АйлақАvто» сынды атаулар латын және кирилл таңбаларын араластыру арқылы, әріпсөз-ойынсөз жасауға бейімделген.

– Шетелдік кәсіпорындар мен мекемелердің, сауда нүктелерінің инвестициялық үлесі мен ел экономикасы үшін пайдасы әрине маңызды.  Десек те, мемелекеттік тілді қолдану мен оның дамуына қосар үлесі төмен. Бұл біріншіден, жарнама тіліне қатысты. Жарнамалар мен маңдайшалардағы атаулардың жазылуының заңды тәртібі ҚР «Тіл туралы» заңының 4, 19, 21 баптарымен реттеледі. Бірақ, бұл заң тармақтарын мүлдем білмейтін жекеменшік иелерінің бар екенін байқадық. Өкінішке орай, жарнама қазақ тілін өте сирек таңдайды. Көбі өзге тілде жазады.  Жарнама тілі ретінде қазақ тілінің қолданылмауы мемлекеттік тілді идеологиялық тұрғыдан насихаттау әлі де әлсіздеу екенін көрсетеді. Мемлекет құраушы ұлттың тілін кәделі жаратпау немесе жұмыс тілі ретінде қабылдамау осы ұлт өкілдері белсенділігінің төмендігі, – дейді Алтынбек Әбділманов.

Қоғам төрағасы шағын және орта бизнес иелерінің осындай заңсыз әрекеттері туралы бұған дейін облыстық тіл дамыту басқармасына және прокуратураға хат жазып, шара қолдануды сұраған. Бірақ, екі тараптан да «біздің құзыретімізде емес» деген сыңайдағы жауап келіпті.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы БҚО филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев көрнекі ақпараттардағы тілдің жайы жыл сайын талқыланып келе жатқанын айтып, мәселенің нәтижесіз болуы бірінші кезекте «Тіл туралы» заңның әлсіздігінен екенін баса айтты. Әйтсе де, заңда жарнама тіліне қатысты талаптар бар. Заңның орындалуын қадағалау – прокуратураның міндеті. Сол себепті басқосуға прокуратура қызметкерлерін шақыру қажеттігін ұсынды. Қазақстан Республикасы Адвокаттар алқасының мүшесі Абзал Құспан көрнекі ақпаратта тіл нормаларының сақталмауы бағытындағы мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша заңгерлік кеңес берді.

Жиынға қатысқандар көрнекі ақпаратта тіл нормаларының сақталуы бағытындағы жұмыстарға қоғам болып атсалысу,  үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстарды жоспарлау туралы ұсыныстарды ортаға салды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

суреттер облыстық «Қазақ тілі» қоғамының қорынан алынды

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
219 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
256 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
419 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
609 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
852 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
932 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1039 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1046 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1072 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1085 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1191 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1405 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1723 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1605 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1715 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1705 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1835 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1882 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1824 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1835 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»