ЖАРНАМАДАҒЫ СӘТСІЗ АУДАРМАЛАР
Қала көшелеріндегі көрнекі ақпарат тілі ақсап тұр. Әсіресе, кәсіпкерлердің жарнамаға атүсті қарайтыны кім-кімге де белгілі. Көрнекі ақпараттардағы тіл нормаларының сақталуына қалай бақылау жасауға болады? «Телегей» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жиында осы мәселенің шешу жолдары өткен аптада тіл жанашырларының талқысына түсті.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қоғамдық саяси маңызға ие тіл нормаларының сақталуын қадағалау, зерделеу мақсатында игі жұмыстарды атқаруда. Мәселен, бөлім басшысы Қуанышбек Мұқанғалиевтің айтуынша, биыл «Еуразия» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығымен бірлесіп, «Қазақша жарнама» акциясын жүргізген. Бұл жұмысты атқаруда облыстық «Қазақ тілі» қоғамының да үлесі зор. Ұйым төрағасы Алтынбек Әбділмановтың айтуынша, соңғы бес жылда аралас тілдегі немесе таза ағылшын тіліндегі жарнамалардың белең алғаны байқалады. «Шапкинshop», «Шашлыкoff», «Азия МALL», «Alem Plaza», «АйлақАvто» сынды атаулар латын және кирилл таңбаларын араластыру арқылы, әріпсөз-ойынсөз жасауға бейімделген.
– Шетелдік кәсіпорындар мен мекемелердің, сауда нүктелерінің инвестициялық үлесі мен ел экономикасы үшін пайдасы әрине маңызды. Десек те, мемелекеттік тілді қолдану мен оның дамуына қосар үлесі төмен. Бұл біріншіден, жарнама тіліне қатысты. Жарнамалар мен маңдайшалардағы атаулардың жазылуының заңды тәртібі ҚР «Тіл туралы» заңының 4, 19, 21 баптарымен реттеледі. Бірақ, бұл заң тармақтарын мүлдем білмейтін жекеменшік иелерінің бар екенін байқадық. Өкінішке орай, жарнама қазақ тілін өте сирек таңдайды. Көбі өзге тілде жазады. Жарнама тілі ретінде қазақ тілінің қолданылмауы мемлекеттік тілді идеологиялық тұрғыдан насихаттау әлі де әлсіздеу екенін көрсетеді. Мемлекет құраушы ұлттың тілін кәделі жаратпау немесе жұмыс тілі ретінде қабылдамау осы ұлт өкілдері белсенділігінің төмендігі, – дейді Алтынбек Әбділманов.
Қоғам төрағасы шағын және орта бизнес иелерінің осындай заңсыз әрекеттері туралы бұған дейін облыстық тіл дамыту басқармасына және прокуратураға хат жазып, шара қолдануды сұраған. Бірақ, екі тараптан да «біздің құзыретімізде емес» деген сыңайдағы жауап келіпті.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы БҚО филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев көрнекі ақпараттардағы тілдің жайы жыл сайын талқыланып келе жатқанын айтып, мәселенің нәтижесіз болуы бірінші кезекте «Тіл туралы» заңның әлсіздігінен екенін баса айтты. Әйтсе де, заңда жарнама тіліне қатысты талаптар бар. Заңның орындалуын қадағалау – прокуратураның міндеті. Сол себепті басқосуға прокуратура қызметкерлерін шақыру қажеттігін ұсынды. Қазақстан Республикасы Адвокаттар алқасының мүшесі Абзал Құспан көрнекі ақпаратта тіл нормаларының сақталмауы бағытындағы мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша заңгерлік кеңес берді.
Жиынға қатысқандар көрнекі ақпаратта тіл нормаларының сақталуы бағытындағы жұмыстарға қоғам болып атсалысу, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстарды жоспарлау туралы ұсыныстарды ортаға салды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
суреттер облыстық «Қазақ тілі» қоғамының қорынан алынды
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу