АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
Бүгін қазақтың ардақты ақыны,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жас мерейтойына арналып, ақын туып-өскен мекенде, яғни Ақжайық ауылында Әдебиетшілер үйі ашылды.
Ашылу салтанатына өңіріміздің қарымды қаламгерлері және Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов қатысты.
Әдебиетшілер үйінің лента қию рәсімі Теректі ауданының әкімі Әлия Биғазықызы мен Ақұштап Бақтыгерееваға берілді.
Салтанатты ашылудан соң руханият ошағының менмұндалап тұрған, заман талабына сай жасақталған бөлмелерімен танысты. Оның ішінде Жайықтың Ақ Шағаласына арналған бөлмеден өлеңнің лебі есті.
Бұдан соң Әдебиетшілер үйінде өңіріміздің қаламгерлері бас қосқан конференция өтті. Жылы жүздесуді Жазушылар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Бауыржан Ғұбайдуллин тізгіндеді.
Әдебиетшілер үйінің ашылу салтанатына қатысқан ақын-жазушылар рухани ошақтың жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Жүздесу барысында қазақтың аяулы ақын қызына Сағынтай Бисенғалиев өлең оқыса, жас айтыскер Әділ Ахметов арнау айтты.
«AQJAIYQ» арнасының директоры Клара Қамбетова арнаның алпыс жылдық мерейтойына арналған мерекелік медальді Ақұштап Бақтыгерейқызына табыстады. Содан соң ақынның 80 жасына арнап, арна түсірген бағдарламадан үзінді көрсетілді.
Ақтілек ӘЛІБЕКҰЛЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі

Жәнібек аудандық сотында 11 жыл бұрынғы өлім фактісін анықтау туралы азаматтық іс қаралды

Оралда жол апаты: үш көлік соқтығысып, жаяу жүргінші жолы тағы да қауіпке айналды!

Тоқаев Қытай үкіметіне 1500 ақбөкен сыйға тарту туралы шешімін жариялады

Батыс Қазақстан облысында энергетикалық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасуда
