ЖАНҒА ҚУАТ СЫЙЛАДЫ
Қаңтардың 19-ы күні Православ христиандарының мерекесіне орай «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің ұжымы студенттер мен ата-аналарды таза ауада сергітіп, қызықты демалыс ұйымдастырды. Ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Әйтімов Ақсерік Сарыұлының бастамасымен таза ауада ән салып, би билеп көңілдері жадыраған колледж студенттерінің ата-аналары әрдайым жақсы істердің жаршысы болып жүрген ұйымшыл ұжымға алғыстарын жаудырды.
Алдымен сөз алған «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы жиналғандарды мейірімділік пен жақсылықтың символы саналатын Рождество мерекесімен құттықтады.
– Осы күні реніштер ұмытылып, көмекке зәру жандарға жәрдем көрсетіледі. Елімізде дінаралық татулыққа ерекше мән берілген. Сондықтан аталған мерекенің де маңызы үлкен. Елбасының саясатының арқасында мемлекетіміз сәт сайын дамып, қадамын нық басып келеді. Университетіміздің өркендеуіне православ христиан өкілдерінің де қосып отырған үлесі зор. Сіздерді мерекемен құттықтап, жақсылық пен береке, амандық тілеймін, – деді А.Әйтімов.
Бұл күні далада ыстық сорпа мен шәй ішіп, қазақы кең дастархан басында арқа-жарқа болған көпшілік қыстың шыңылтыр аязын елең қылмады. Әсіресе, оқу орнының жол талғамайтын арнайы Квадроцикл, қарда жүретін көліктеріне кезекпен мініп, жолсыз жүйткіген жандардың қуанышында шек болмады. Көпшілік табиғат аясында тынығып, ой сергітіп, қаланың шуынан алыстап, даланың саф ауасымен кеудені толтыра жұтуға мүмкіндік алды. Күнделікті күйбең тірлікті ұмытты. Бәрі жаппай квадроциклдерді тебуге кезекке тұрды, бірі нұсқаушының көмегін пайдаланса, енді бірі өздіктерімен көлікті лезде меңгеріп алды. Дәл осындай таза ауадағы сәнді демалыс өткен сенбі қайта жалғасып, ата-аналар мен студенттер қыс қызығына кенелді. Бұл жолы да жол талғамайтын квадроцикл, снегоход көліктерін ерттеп мінген серуеншілер бір дамыл таппады. Сондай-ақ тир атып, мергендіктерін де бір сынады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру



Пікір үстеу