ЖАЛАҚЫСЫ САҚТАЛМАЙТЫН ДЕМАЛЫСҚА ЖІБЕРІЛГЕНДЕРГЕ 42500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ
Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілуіне орай бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған іс-шаралар мәлімделді.

Қала әкімі Абат Шыныбеков төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қолдау шараларымен қатар кәсіпкерлер тарапынан халыққа қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
– Жылдың алғашқы тоқсанында оралдық 1367 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған еді. Қазір оларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама үлестірілуде. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы қалалы филиалы «Bizbirgemiz» акциясы аясында жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлерге, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмектер ұсынуда. Бұдан бөлек волонтерлер және ерікті азаматтардың бастамасымен мұқтаж жандарға тегін антисептик, медициналық маска таратылуда. Орал қаласындағы мектеп ұжымдары, қоғамдық бірлестіктері және тігін ательелері күніне 10 мыңға жуық бетперделер тігіп, қайырымдылық ретінде таратылуда. Қаладағы жеңіл өнеркәсіп орындары күніне 20 мыңдай жеке қорғаныс құралын дайындап шығаруға қабілетті, – деді Абат Абайұлы.
Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға айлық төлемақы көлемінде жәрдемақы қарастыруды тапсырған болатын. Осыған орай, қала бойынша әлеуметтік төлемге мұқтаж жандардың тізімі жасақталуда. Яғни, төтенше жағдай кезінде жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілген қызметкерлер мемлекет тарапынан берілетін 42 500 теңгені ала алады. Бұл төлем тек шағын және орта субъекті қызметкерлеріне беріледі. Сондай-ақ төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында үш айдан кем емес уақытта аударымдар жасау міндеттеме шарттары сақталуы тиіс. Жалпы төлем тағайдалуы үшін жұмыс берушілер жергілікті органдарға қызметкерлерінің төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғанын растайтын құжаттарын электронды үкімет порталы арқылы жолдауы керек.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу