8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Наурыз 2020 1808 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАЛАҚЫСЫ САҚТАЛМАЙТЫН ДЕМАЛЫСҚА ЖІБЕРІЛГЕНДЕРГЕ 42500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕНЕДІ

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілуіне орай бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған іс-шаралар мәлімделді.

Қала әкімі Абат Шыныбеков төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қолдау шараларымен қатар кәсіпкерлер тарапынан халыққа  қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

– Жылдың алғашқы тоқсанында оралдық 1367 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған еді. Қазір оларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама үлестірілуде. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы қалалы филиалы «Bizbirgemiz» акциясы аясында жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлерге, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмектер ұсынуда. Бұдан бөлек волонтерлер және ерікті азаматтардың бастамасымен мұқтаж жандарға тегін антисептик, медициналық маска таратылуда. Орал қаласындағы мектеп ұжымдары, қоғамдық бірлестіктері және тігін ательелері күніне 10 мыңға жуық бетперделер тігіп, қайырымдылық ретінде таратылуда. Қаладағы жеңіл өнеркәсіп орындары күніне 20 мыңдай жеке қорғаныс құралын дайындап шығаруға қабілетті, –  деді Абат Абайұлы.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға айлық төлемақы көлемінде жәрдемақы қарастыруды тапсырған болатын. Осыған орай, қала бойынша әлеуметтік төлемге мұқтаж жандардың тізімі жасақталуда. Яғни, төтенше жағдай кезінде жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілген қызметкерлер мемлекет тарапынан берілетін 42 500 теңгені ала алады. Бұл төлем тек шағын және орта субъекті қызметкерлеріне беріледі. Сондай-ақ төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында үш айдан кем емес уақытта аударымдар жасау міндеттеме шарттары сақталуы тиіс. Жалпы төлем тағайдалуы үшін жұмыс берушілер жергілікті органдарға қызметкерлерінің төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғанын растайтын құжаттарын электронды үкімет порталы арқылы жолдауы керек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
93 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
433 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
525 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
768 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1036 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1263 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1302 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1452 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1650 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1877 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1963 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2075 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2080 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2114 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2114 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2221 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»