Жалған құжатпен балық сатқан
БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады.
Тексеру барысында ұсталған қылмыстық топ Батыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сатумен айналысқаны белгілі болды. Олар балық өнімдерін жалған құжаттарымен Орал қаласындағы орталық базарларына әкеліп сатқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 1520,55 кг бекіре балығы, 27,3 кг қызыл және 1,25 кг қара уылдырық, сондай-ақ жалпы сомасы 2 млн 705 мың теңге және 35,8 мың рубль қаражаты, сондай-ақ, тапанша, оқ-дәрілер, электронды таразы, пышақ, дүрбі табылып, тәркіленді.
Ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жұмыстары басталды.
Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру