8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Мамыр 2026 410 0
Өңір жаңалықтары

Жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылым жаңартылуда

Орал қаласында тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жол және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта Сарайшық көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аясында жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілуде.

Жобаның жалпы ұзындығы – 420 метр. Құрылыс жұмыстары Сарайшық көшесінен Исатай–Махамбет көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Аталған бағыт тұрғындардың, әсіресе Халыққа қызмет көрсету орталығына баратын азаматтардың күнделікті қатынасы үшін маңызды аумақтардың бірі саналады.

Жаңа жаяу жүргіншілер жолының салынуы тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп қана қоймай, қаладағы қоғамдық кеңістіктің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоба жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымды дамыту, қозғалыс қолайлылығын жақсарту және көше бойындағы қатынасты реттеу тұрғысынан да маңызды.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жауапты мердігер ұйым тарапынан тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, нысанды сапалы аяқтау басты назарға алынған.

Жоба аяқталғаннан кейін аталған аумақта жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс қамтамасыз етіледі.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
84 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
274 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»