8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2020 1798 0
Қоғам

ЖАҢАРҒАН ҒИМАРАТТЫҢ ЖҰМЫСЫ ДА ЖАҢАША

  1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні жөндеуден өткен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Мәдениағарту бірлестігінің ғимараты пайдалануға берілді.

Х.Чурин көшесі 121 мекенжайынан Жәңгірхан 15/1 мекенжайына көшірілген жаңа ғимаратты салтанатты түрде ашқан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев баршаны айтулы мерекемен құттықтады.

– Бұл мереке барлық әлемнің назарын бүлдіршіндерге аудару арқылы оларды қауіп-қатерден сақтау мақсатында халықаралық деңгейде  аталып өтеді. Осындай тамаша мереке қарсаңында балғындарға бақытты балалық шақ, сыңғыр күлкі, игі жақсылықтарды тілейміз. Мәдени-ағарту бірлестігі де осы салада үлкен жұмыстар атқарып келеді. Былтырғы жылы аула клубтары жанынан үш бірдей комьюнити орталығын ашып, жаңа жұмыс бағытына көштік. Биылғы жылы да осы жұмыстар өз жалғасын табады. Мереке күні барлық аула клубтары мен комьюнити орталықтарының басын біріктіретін Мәдени-ағарту бірлестігінің ғимараты ағымдағы жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді, – деді Серік Ерболатұлы.

«Мәдени-ағарту бірлестігі» 1992 жылы құрылып, құрамына балалар аула клубтары берілген. Бүгінде 22 клубтық мекеменің жұмысын жандандырып келеді. Атап айтқанда, қаланың әр аумағында орналасқан 15 балалар аула клубы, үш комьюнити орталығы және «Жас ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығы, Гагарин атындағы балалар кинотеатры, «Бойтұмар», «Ақниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтары осы бірлестікке қарайды. Мұндағы 107 үйірмеде 2340 адам қамтылған. Әсіресе, әдістемелік бөлмелер жоғары деңгейде жабдықталыпты, алғаш рет дыбыс жазу студиясы ашылып отыр. Ғимараттың күрделі жөндеуіне  шаһар басшысының қолдауымен 10 млн. 167 мың  теңге қаражат бағытталып, соның 8 млн. 500 мың теңгесіне «ДизайнД» ЖШС мердігерлік компаниясы екі ай көлемінде құрылыс жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда бірлестіктің 172 қызметкері су жаңа ғимаратқа көшіп келді.

«Мәдени-ағарту бірлестігі» мекемесінің  директоры Серік Тоқмамбетовтың айтуынша, аталмыш бірлестік өнерге құштар талантты балалардың талабын ұштап, өнер арқылы елдің мүддесін қорғайтын болашақ ұрпақты тәрбиелеу бағытында жұмыстанып келеді. Сондықтан сәні мен салтанаты келіскен жаңа ғимаратқа көшуі – үлкен мәртебе. Алдағы уақытта жұмысты одан әрі жетілдіріп, тың мақсаттар қойып, жоғары дәрежедегі жоспарларды жүзеге асырып, қаланың мәдениетінің дамуына балалардың да үлесін қосу бағытында кешенді жұмыстар атқару көзделген. Осыдан бір ай бұрын ұлттық құндылықтарды насихаттау барысында «Алтын Орда» қоғамдық театры ашылған. Төтенше жағдай аяқталған соң аталмыш театр жұмысын жандандыру бірінші кезекте қолға алынбақ. Сондай-ақ өнердің әр жанры бойынша қала көлемінде кең көлемдегі конкурстар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Байқау жеңімпаздары кәсіпкерлердің демеушілігімен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы өнер ордаларына саяхатқа жіберілмек. Әзірге бұл бағытта демеушілер іздестірілуде екен. Бұған дейін аула клубтарының жас өнерпаздары түрлі деңгейдегі тек ақылы байқауларға қатысумен шектеліп жүргені жасырын емес. Ақылы болған соң жүлде де жеңіл келері сөзсіз. Осы орайда Мәдени-ағарту бірлестігі басшысының бұл үрдістің «тамырына түбегейлі балта шабуды» көздеп отырғанына қуандық. Болашақта балғындар тек мемлекеттік деңгейдегі байқауларға ғана қатыстырылмақ. Сол секілді бұған дейін аула клубтарының жас таланттары фонограммамен ән айтуға әбден төселіп алған болса, алдағы уақытта бұлай ән шырқауға да тыйым болмақ. Балалар киелі сахнада жанды дауыста ғана ән шырқайтын болады. Бұл бағытта да нақты тапсырмалар берілген.   

Заманауи үлгіде жабдықталған ғимараттың ашылу салтанатында «Бәйтерек» балалар аула клубының өнерпаздары ән салып, би билеп, мерекенің көрігін қыздырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

   

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
101 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
157 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
396 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
878 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1256 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1153 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1615 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2231 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2396 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2403 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2454 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2459 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2068 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2938 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2992 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2986 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3599 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3567 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3558 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3534 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3694 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»