Жаңа ауданда 27 көпқабатты үй салынады
Орал шаһараның солтүстік-шығыс ауданы игерілуде. 108,6 гектар аумақты қамтитын жаңа шағынауданда 20-дан аса көпқабатты үй, 5 әлеуметтік нысан салынады. 14 тамыз күні БҚО әкімі Алтай Сейдірұлы жаңа шағынауданның жоспарымен танысты.

Қаламыздың жаңа солтүстік-шығыс шағынауданында екі көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Алтай Көлгінов «Отделстрой» ЖШС құрылысын бастаған үйдің іргетасын құюға атсалысты. 104 пәтерлі үй тоғыз қабатты болмақ. Қазір құрылыс алаңында 50 шақты адам жұмыс жасауда.
Қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің мәліметінше, бұл ауданда 27 көпқабатты үй болады. Олардың жетеуінің жобалары дайын. Барлық инженерлік желілер тартылған. Ауданда бес әлеуметтік нысан салынады. Оларың да жобалары бар. Алғашқы үйлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілмек.
– Бұл аудандағы үйлердің қасбеттеріне ерекше талап болуы керек. Қаланың сәулеттік көркі ең замануи стандарттарға сай болуы тиіс. Әдемі, ыңғайлы, материалдары энергия үнемдейтін болғаны жөн. Құрылысшылардың барлығы белгіленген талаптарды сақтауы керек. Бұған дейін тұрғындар тарапынан болған шағымдар ескерусіз қалмасын. Көгалдандыру, абаттандыру жұмысы маңызды, – деп тапсырды Алтай Сейдірұлы. Сондай-ақ тұрғын үйге сұраныстың артуына байланысты тұрғын үй салу қарқынды жүргізілетінін, кезекте тұрғандар мемлекеттік бағдарламалар және мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында тұрғын үймен қамтылатынын атап өтті. Облыс басшысының айтуынша, бүгінде Орал қаласында 19 мың, облыс бойынша 22 мыңазамат тұрғын үй кезегіне алынған. Ағымдағы жылдың жеті айында 251 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Қазір 27 үйдің құрылысы жүруде. Олардың басым көпшілігі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 20 пайыздық жарнамен «7-20-25» бағдарламасы негізінде берілетін болады. Келесі жылдан жаңа «Ақжайық» шағынауданында үйлерді салу басталады. Қазір ол аумаққа инженерлік желілер тартылуда.
Эльмира НҰҒМАНОВА


Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу