8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Маусым 2023 2423 0
Оқиға

Жүргізуші неге асықты?..

Кешеден бері Ақ Жайықтың мұғалімдері жайлы қайғылы хабар тарауда.

Ажалға себеп-баяғы жол апаты. Асығыстық! «Самара-Шымкент» автожолы бойында «Лада Ларгус» автокөлігі «DAF» жүк көлігімен соқтығысып, төрт мұғалім мерт болғаны белгілі.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Орал қаласындағы №47 мектептің педагог-дефектологы, Бәйтерек ауданы Новенький мектебінің дефектологы және Казталов ауданы К.Меңдәлиев атындағы мектептің логопеді оқиға орнында тіл тартпай кетсе, Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы ауруханада дүниеден өткен.

Сонымен қатар, Орал қаласындағы №5 орта мектепте логопед болып жұмыс істейтін 27 жастағы қыз және Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған мектеп-бөбекжай-балабақшасының педагог-дефектологы, 46 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Белігілі болғандай,  Ақтөбеде білімін шыңдап, диплом алуға бара жатқан төрт мұғалім осылайша өмірден бір-ақ сәтте озды.

Жол қателікті кешірмейді. Сақтық шараларын ұмытпайық бауырлар!

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
113 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
88 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»