«Жүректің қайта оянуы – ерекше құбылыс» №34 25.08.2016
Облыстық кардиологиялық орталықтағы кардиохирургия бөлімшесі 2009 жылы ашылыпты. Оған дейін жүрегі сыр берген тұрғындарды дәрі-дәрмекпен емдеп келген орталық мамандары қажетті жағдайда жүрекке түрлі оталар жасауға қол жеткізген. 2010 жылдан бастап батысқазақстандық кардиохирургтер науқастарға Ресейдің Самара қаласынан келген әріптестеріме н бірге ота жасаған. Ал 2012 жылдан бері орталық хирургтары өздері ота жасап, көптеген жанның жүрегіне өмір сыйлап келеді. Солардың бірі – дәрігер-кардиохирург Ерлан Оразымбетов.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі
Ақ Жайыққа қызмет бабымен келген ІІ санатты дәрігер-кардиохирург кардиологиялық орталықта 2011 жылдан бері жұмыс жасайды. Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы сол жылы Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін хирург мамандығы бойынша тәмамдаған. Жас маман жанұясымен бірге Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының шақыртуымен келген. Өзі облыстық клиникалық орталыққа, зайыбы диагностикалық орталыққа жұмысқа орналасқан. Келісімшартқа отырып, мемлекеттің қолдауымен жұмысқа орналасып, баспаналы болған жас отбасы осылайша алаңсыз жұмыстарына кіріскен. – Төрт ай облыстық клиникалық орталықта жұмыс жасап, кейін осы кардиологиялық орталыққа ауыс-тым. Алдымен екі апта Самарадағы кардиологиялық диспансерде тағылымдамадан өттім. 2012 жылы ақпан айында мені кардиохирургия бойынша Алматыға бес айлық курсқа оқуға жіберді, – деп әңгімесін бастады кейіпкеріміз.
Қашан да ізденіспен еңбектеніп, алға ұмтылатын Е.Оразымбетов 2014 жылы ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанады. Жас маман Оңтүстік Кореяның Пучон қаласында балалар және ересектер кардиохирургиясы бойынша үш ай тағылымдамадан өтеді. – Осы сапар барысында ең соңғы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген Седжонг госпиталінде болдық. Оңтүстік Корея мемлекетінен мол олжамен оралдым, үлкен тәжірибе жинақтадым. Жүректегі аппаратпен жұмыс жасау барысын үйрендім, туабітті жүрек ақауларымен дүниеге келген сәбилерге жасалған оталарды өз көзіммен көрдім, – деді ол.
Версия для печати
Пікір үстеу