8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2025 1163 0
Суық хабар

Жәнібекте жол апаты.

Бүгін Жәнібек ауданында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қайтыс болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға сағат 22:00 шамасында «Қазталовка–Жәнібек» автожолының бойында, Кұлтабан ауылынан шамамен 5 шақырым жерде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Mercedes-Benz» маркалы автокөліктің жүргізушісі артқы оң жақ доңғалақтың кенеттен ауа кетуіне (разгерметизация) байланысты көлік тізгінін басқара алмай, жолдан шығып кетіп, көлік аударылып кеткен.
Жол апаты салдарынан көлікте болған жолаушы — 1986 жылы туған азаматша, жүргізушінің жұбайы — Жәнібек аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, сағат 23:30 шамасында көз жұмған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Айнұр ИСА

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»