8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2021 1295 0
Қоғам

ЖҰМЫС УАҚЫТЫН ЗАҢСЫЗ ҰЗАРТҚАН БАСШЫЛАР ЖАЗАЛАНАДЫ

Сенат жұмыс беруші жұмыс уақытын заңсыз ұазатрқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін заң жобасын қабылдады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу жоспарланған. Заңсыз жұмыс уақытын ұзатрқаны және жұмыс ауысымын өзгерткені үшін жұмыс беруші бірінші ретінде ескерту алады. Қайталанған жағдайда айыппұл салынады. Лауазымды тұлғаларға – 40 АЕК (2021 жылы 116 680 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 60 АЕК (2021 жылы 175 020 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК (2021 жылы 233 360 теңге), ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 120 АЕК (2021 жылы 350 040 теңге).

«Бұл заң қызметкерлердің еңбек құқықтарын заңнамалық қорғауды көздейді және бизнестің мүдделерін қорғау үшін прокуратура және ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

ӘҚБтК-дегі өзгерістер прокурор қаулысын орындамағандарға да қатысты, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының құқығын кеңейтеді. Олар 4 әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл тіркей алады.

kaz.tengrinews.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
143 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
385 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»