8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2025 6645 0
Қоғам

Жұмыс табуға мүмкіндік зор

Бүгін, мамырдың 30-ы күні Островский атындағы драма театры мен «Атриум» сауда үйінің аралығындағы алаңда жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында «Talpyn- 2025» мүмкіндіктер алаңы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

БҚО әкімі Н.Төреғалиев, қала әкімі М.Байменов және кәсіпкерлік, ауылшаруашылық басқармасына қарасты бөлім басшылары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары қатысты.

Шараға арнайы қатысқан аймақ басшысы Н.Төреғалиев жергілікті және аудандық кәсіпкерлердің ұйымдастырған ауыл шаруашылығы өнімдерімен, қолөнер бұйымдарымен танысып,оң бағасын берді.

Аталмыш жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген жастар өздеріне қажетті кеңес алып, мемлекеттік қолдаулар туралы ақпаратпен қанықты.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Конституция
Конституция – қоғамның тірегі
10 Қазан 2026
161 0
Өңір жаңалықтары
Тың өндіріс: Теректіде су сүзгілері шығарылады
09 Қазан 2026
194 0
Конституция
Еңбек адамы – ел дамуының тірегі
09 Қазан 2026
175 0
«Әділет» партиясы
«Әділет Керуені» партиялық акциясы
08 Қазан 2026
215 0
ЭКСЖ жобасы аясында
Оралда 4 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда
07 Қазан 2026
228 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»