ЖҰМЫС КЕСТЕГЕ САЙ
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018 жылдың басынан бастап денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасы қалыптастырылды. Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы 51 медициналық ұйыммен, оның ішінде 36 мемлекеттік және 15 жеке медициналық ұйымдармен медициналық қызметтерді жеткізу жөнінде келісімшарттарға қол қойды. Облысымызда жеке медициналық ұйымдар тарапынан тегін медициналық көмектің кепілді көлемі бойынша медициналық қызмет көрсетуге деген қызығушылық күн санап артып келе жатқанын атап өткен жөн.

– «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылдың 1-ші желтоқсанына халыққа тегін медициналық қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 24,3 млрд. теңге төледі. Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде БҚО бойынша медициналық мекемелермен бекітілген келісімшарт сомасының 81 пайызы, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова.
Естеріңізге сала кетсек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы облыс бойынша 30,1 млрд. теңгені құрады.
– Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің шығындарын өтеуге жеткілікті, – деді Н.Жұмағұлова.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қағидаттарының ең маңыздысы – пациенттің жағдайын жасау.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
P.S. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының байланыс телефондары: + 7 (7112) 932045, + 7 (7112) 932043.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу