ҮЗДІК МАМАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Қала күні мерекесі аясында 5 қыркүйек күні Абай алаңында танымал диджейлердің қатысумен «Open air» атты жастарға арналған би кеші ұйымдастырылды. Мыңдаған оралдық жастың басын қосқан кең ауқымды шарада қаланың өркендеуі мен дамуына зор үлесін қосқан әр саланың мамандары марапатталды.

Жыл сайын Қала күніне орай өткізіліп жүрген «Үздіктер» байқауы биыл 12 аталым бойынша осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. Байқау талаптарына сай үміткерлердің өтініштері арнайы құрылған комиссияда қаралып, үздіктері анықталды. Бүгінгі кеште нәтиже жарияланып, жеңімпаздарды қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтап, марапаттарын табыс етті.
Атап айтқанда, «Үздік құрылысшы» аталымында он жылдан астам құрылыс саласында еңбек етіп жүрген «Отдельстрой» ЖШС-ның құрылысшы маманы Айнагүл Байғалиева бірінші орынды иемденді. «Үздік мұғалім» атануға үміткерлер көп болғанымен, комиссия мүшелері №30 орта мектептің мұғалімі Ақжарқын Хамбетованы бірінші орынға лайық деп таныды. «Үздік медицина қызметкері» номинациясында бұл салада отыз жылдан астам еңбек өтілі бар Клара Сапарова, «Үздік сантехник» аталымы бойынша Ришат Сырғабаев, «Үздік электрші» аталымында Аслан Жақыпов, «Үздік тігінші» номинациясында Дана Нәдірова жеңімпаз атанды.
«Қала күніне» орай өткізілген «Жасыл қала» байқауының қорытындысы бойынша Орал қаласының санитарлық жағдайын жақсарту және абаттануына үлес қосып жүрген Ақбұлақ көшесі 15-үй мекенжайы (үй иесі – Ғаділше Малейтенов) – «Үздік аула», №34 «Балбұлақ» бөбекжайы – «Үздік аумақ», Жаңа орда шағын ауданы 21 мекенжайындағы көпқабатты үй – «Үздік подъезд», Зашаған кентіндегі бірнеше үйді қарауына алып отырған «Таза аудан» пәтер иелері кооперативі – «Үздік ПИК» аталымында жеңімпаз деп танылды.
Сондай-ақ шаһардың әдемі көрінісі мен тыныс-тіршілігін бейнеге түсіріп жүрген жандар да арнайы марапатқа лайық деп танылды. Мейірбек Тәжіқұранов «Үздік фотосурет» байқауынан бірінші орынды иемденсе, Орал қаласына арналған әнге тамаша бейнебаян жасаған Әлішер Ғұмаров «Үздік видеоролик» байқауынан жеңімпаз атанды.
Байқауды ұйымдастырған «Ғасыр» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұркен Әбдіқаппаровтың мұндай шаралардың қала азаматтарын ынталандыруда маңызы зор. Ал байқаудың әр аталым бойынша екінші және үшінші орын жүлдегерлері де арнайы марапат пен бағалы сыйлықтарға ие болмақ.
Шарада қала өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, ашық аспан астындағы кеш жастарға арналған бимен жалғасты.








Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу