8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2019 2160 0
Қалалықтар қаперіне

ЗАШАҒАНДА ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

                  Қала күні қарсаңында Зашаған кентінде орналасқан Орал қалалық орталықтандырылған  №5 кітапхана филиалы  күрделі жөндеуден өтіп, тың жобамен өз оқырмандарын қуантты. Алғаш рет кітапхана қабырғасында Коворкинг орталығы ашылды. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Абат Шыныбеков, зиялы қауым өкілдері  қатысып,  кент тұрғындарының қуанышына куә болды.

 

–   Баршаңызды  Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке аясында көптен жоспарлап жүрген игілікті шаралардың бастауын қала іргесіндегі кентте кітапхананың ашылуымен бастап отырмыз. Бұл кітапхана осы жердегі рухани орталыққа айналуы тиіс. Ардагерлеріміз осы орталыққа келіп, келер ұрпақпен тәжірибе бөліссе, кітапхана тек кітап алатын орын емес, рухани азық мекеніне айналады деген ойдамын. Мұнда жастарға да жағдай жасалған. Мұның барлығы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жасалып жатқан игілікті істердің бірі ғана. Алда тұрған міндет бұдан да жоғары. Осы кітапхананы жаңарту үшін қала күні мерекесі аясында өткізілетін шараларды азайтып, бюджет қаржысын кемітуге тура келді. Мәселен, биыл отшашу болмайды. Отшашуды он бес минут тамашалағанша, осындай рухани орталық халыққа қызмет етсін дедік. Орталық тек кітап беретін абонементтік орталық емес,  ғаламтормен жабдықталған, жастар еркін пікірталас орнататын  орын. Болашақта кітапхана меңгерушісі коммуникативтік орталықтың жетекшісі ретінде де барлық салаға қызмет ететін маман болуы тиіс. Бірқатар жаңа технологияларды енгізіп жатырмыз. Бұл осы кенттегі болашақтағы үлкен мәдени  орталықтардың бастауы болсын, – деді салтанатты ашылу сәтінде сөз алған қала басшысы Абат Абайұлы.

Ақын, ҚР Еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері Шолпан Қыдырниязова: – Бүгін Зашаған кентіндегі сәулелі сәттің куәсі болып отырмыз. Қала аумағындағы халқы тығыз орналасқан кентте рухани азығымыздың ұйытқысы болып жүрген, ұрпағымызға заман талабына сай тәрбие беріп отырған ошақ  №5 бөлімшенің күрделі жөндеуден кейін іске қосылу сәтіне куә болып тұрмыз. Өзім өмір бойы кітап оқып өстім. Осы үрдісті ұрпағымыздың бойына дарытып, рухани сәулелі тарихи шығармаларға көз жүгіртіп, адами қасиеттерді бойына сіңіру бағытындағы жұмысты жалғастырып отырған мәдени орталық – кітапханалар. Сондықтан елімізде рухани орталықтар көбейсін, ұрпағымызға ұлағатты тәрбие берейік, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырайық, үлкендер бойымызға өрген өнегемізді жас ұрпақтың бойына сіңірейік, адал сөзімізді айтайық, адамдыққа баулиық, соның куәсі осы қуаныш. Қала күнінде осындай қуаныш сыйлаған қала әкіміне алғыс айтамыз. Іргелі істеріңіз ілкімсіз алға жылжи берсін. Халыққа жақындадыңыздар. Халықпен біргесіздер, бұл үлкен жетістік, – дей келіп, алдағы уақытта Зашағанға Мәдениет үйі керегін жеткізді.

Кітапхана меңгерушісі Гүлайым Ақашаеваның айтуынша, қазіргі таңда кітапхананың 4200-ден аса тұрақты оқырманы, 65 мыңнан аса  кітап қоры бар. Жаңадан ашылған Коворкинг орталық оқырмандармен етене еркін  жұмыс істеуге жасақталған.  Яғни, кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, тоғызқұмалақ, дойбы ойнауға  зор мүмкіндік туды. Бір сөзбен айтқанда, кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдай жасалған. Кітапханадағы коворкинг орталығы арқылы оқырман тегін ғаламтор желісіне кіріп, аталмыш бөлмеде жабдықталған компьютер, планшеттермен қатар өзінің де гаджеттерін пайдалануға, ашық wi-fi пайдалануға, QR-код арқылы онлайн режимде оқуға болатын кітаптармен танысуына болады. Сонымен қатар балаларға арналған бұрыш әр түрлі ойыншықтармен, пуф-кресломен, кітапқа арналған сөрелермен, үстелдермен қамтамасыз етілген. Балалар келіп ойнауына, кітап оқуына немесе сабақ оқуына, не болмаса сүйікті бір ісімен айналысуына болады.

Бұл күні «Елжас» ЖШС өкілі Саида Құрманғалиева заманауи кітапхана қорына 100 жаңа кітапты сыйға тартты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
94 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
264 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
457 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
700 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
778 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
885 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
893 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
913 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
929 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1029 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1253 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1570 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1451 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1561 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1551 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1681 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1726 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1673 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1682 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1787 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»