8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2021 1795 0
Қоғам

ЗАШАҒАНДА СПОРТ АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және «Қала күні» мерекесі аясында Зашаған кентіде тағы бір спорт алаңы пайдалануға берілді.

Жаңа футбол алаңының ашылуына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, Зашаған кентінің ардагер кеңесінің төрағасы Тілекқабыл Ерназаров, облыстық мәслихат депутаттары қатысып, кент тұрғындары мен спорт сүйер жастарына құтты болсын айтты.

– Баршаңызды сүйікті қаламыздың мерекесімен құттықтаймын. Жылма-жыл мереке қаламызда жаңа әлеуметтік нысандардың тұрғындар игілігі үшін қолданысқа берілуімен айшықталып келеді. Тұрғындарымыздың аулаларында балалар мен спорт алаңдарының болуы, абаттандырылуы,олардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Жаңа алаңның ашылуымен құттықтай отырып, осы жерден жас чемпиондар көп шықсын деген тілек білдіремін, – деді Абат Абайұлы.

Айта кетейік, биыл қалада заманауи үлгідегі 20 спорттық және ойын алаңын салу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда оның 14-і пайдалануға берілді. Қалған алаңдардың құрылысы да жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ 31 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»