8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Маусым 2020 1291 0
Қоғам

ЗАШАҒАН КЕНТІ СУСЫЗ ҚАЛДЫ

Орал қаласында кәріз коллекторындағы апат салдарынан Зачаган кентінде су тоқтады. «Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен түскен мәліметінше, кеше сағат 18.30 шамасында Зачаган кентіне қарасты Әзербайжан көшесіндегі кәріз коллекторы жарылған. Орал қаласы әкімдігі Саратов тас жолы бойындағы кәріз коллекторында да апатты жағдай орын алғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Зачаган кентінде бүгін жергілікті сағат 11.00-ден бастап су беру уақытша тоқтатылды. Тұрғындарға суды тасымалдап беру ұйымдастырылуда. Қазіргі кезде кәріз коллекторында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зачаган кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитовтың айтуынша, кент аумағындағы №6 емханаға, мектептер мен балабақшаларға, басқа да әлеуметтік мекемелерге су жинап алу жөнінде алдын ала ескертілген.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»