8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2018 2073 0
Қоғам

ЗАШАҒАНҒА ЖАҢА МЕКТЕПТЕР ҚАЖЕТ

 Бүгін өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі  депутаттары Айзада Құрманова, Айгүл Нуркина, Жәмила Нұрманбетова және Светлана Бычкова үш ауысымда оқитын №47 жалпы білім беретін мектебінде болды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жәмила Нұрманбетованың мәлімдеуінше, күні бүгінде елімізде 127 үш ауысымдық, 44 апатты мектеп бар. Нақты алғанда 124 мың оқушыға орын жетіспеушілігі байқалады. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 5 үш ауысымды, 5 апатты мектеп бар, бұл 2163 оқушыға орын жетіспейтінін көрсетеді.  ­– Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келдік. Елбасы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында мектептердегі үш ауысымда оқыту және апаттық жағдайда болу проблемаларын тез арада шешуді атап өткен болатын. Бұл проблемалар бірқатар кешенді шараларды қабылдауды талап етеді. Білім берудің қолжетімділігін арттыру үшін 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге бөлінетін болады.  Ағымдағы жылы құрылысы келесі жылы жалғасатын мектептерді қоса алғанда 94 ауысымдық, 36 апатты мектептің проблемасы өзекті күйінде қалып отыр. Жергілікті атқарушы органның құрылыс салу жөніндегі өтініштері республикалық бюджет комиссиясы тарапынан негізсіз деп есептелінеді немесе қабылданбайды. Сондықтан бұл мәселені жергілікті әкімшілік нақтылап, министрлікпен бірге шешуі керек, ­- деген мәжілісмен Орал қаласындағы Зашаған кентінің дамуына сәйкес осы аудандағы үш бірдей мектептегі үш ауысымдылықты жою мақсатында екі білім ұясының қажеттігі туралы жергілікті әкімшіліктер ұсыныс беру керегін қаперге салды.

Облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, бүгінде  Орал қалалық білім беру бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін 50 мектеп болса, оның 10-ы инновациялық бағытта және бірі кешкі мектеп. Оның ішінде   23 қазақ тілінде, 14 орыс тілінде және  13 қазақ және орыс тілінде беретін мектептер бар.  Қаладағы 50 мектепті былтырғы жылы 42977 оқушы аяқтаған. Білім сапасы 61,28%-ды құрады. Биылғы оқу жылында 46482 оқушы білім алып жүрсе, ол  өткен жылғымен салыстырғанда 3497 балаға артқан.   Қазіргі таңда №10, 18, 20, 47 және эстетикалық бағыттағы гимназияда 3 ауысымда оқыту сақталған. Зашаған кентінде 4 жалпы білім беретін мектеп болса, жобалық қуаттылығына сай №10 орта мектепте – 1200, №47 мектепте – 1200, №30 орта мектепте – 772, №20 орта мектепте – 964 оқушы білім алуы тиіс. Әйтсе де, қазіргі таңда №10 орта мектепте  3365 оқушы білім алуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 530 балаға артып отыр. Алдағы болжам бойынша, Сарытау кентіндегі жаңа 900 орындық орта мектеп ашылған кезде №10, 20, 30, 47 мектептерден бастауыш сыныптан 306 оқушы, 5-9 сыныптардан 282 оқушы және жоғары сыныптан 60 оқушы ауысады деп күтілуде. Оның ішінде   №10 мектептен 592 бала ауысады. Ал №47 мектепте биылғы оқу жылында  2680 оқушы білім алып жүрсе, оның ішінде 1-11 сыныптарда 2343 бала бар. Бұл 2013 жылдан бері кенттегі «Көктем» «Арман» шағын аудандарында  жаңа үйлер көптеп салынуына байланысты, халық санының артып отырғанын көрсетеді.

Орал қаласының құрылыс бөлімінің мәліметіне сүйенсек,  бұл ауданда 2013-2016 жылдар аралығында  «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жас отбасы мен кезекте тұрғындарға 24 көпқабатты үй берілген. Сондай-ақ 2017-2020 жылдарға «Өңірлерді дамыту-2020», «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  әлі де 14 көпқабатты үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл осы аудандарда халық санының бұдан да  көбейетінін білдіреді. Сондықтан аталған аудандарда жаңа мектеп қажеттілігі айтпаса да түснікті.  Сарытаудағы жаңа мектеп пайдалануға берілген жағдайда да №10, 47 мектептерде 3 ауысымда оқытылуы жалғаса беруі мүмкін.

Ал №47 орта мектеп директоры Наталья Ерғожиеваның айтуынша, қазір мектепте 180 мұғалім білім береді. Бәрі дерлік жаңартылған курстардан өткен.  Мектеп 3 ауысымда жұмыс жасайды. Мектеп алды даярлық топтары аралық ауысымда оқиды. Оқушы санының жылдан-жылға көбеюіне байланысты, 90 сыныптың дене шынықтыру сабағының 1 спорт залында өтуі де қиындық келтіруде.

Мәжілісмендер күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді саралап, алдағы уақытта шешімін табуға ықпал ететіндерін жеткізді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
112 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
154 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
449 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
460 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
588 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
886 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
980 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1008 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1219 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1485 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1713 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1751 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1900 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2098 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2320 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»