ЗАҢҒА ҚАЙШЫ ӘРЕКЕТТЕРДІ АНЫҚТАУДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІ БОЛУЫ ТИІС
БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғам әлеуетін көтеру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
15 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділерімен ынтымақтастықты нығайту және 2018 жылы атқырылған жұмыстардың қорытындысы бойынша алқа отырысы өткізілді.
Отырысқа облыстық және аудандық АМТ басшылары мен мүшелері, бенлсенділер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, мемлекеттік мекемелер басшылары, аудан әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өзінің алғы сөзінде департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов Мемлекет басшысымен «Қазақстан-2050» Стратегиясында сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекет үлгісіне берген қозғалыс векторы мемлекеттік басқарудың барлық саласына ауқымды оң өзгерістерді алып келгендігін атап өтті.
Мемлекеттік қызметтің этизациясын көтеру мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен өзара белсенді әрекеттестік жүзеге асырылуда.
2018 жылы арнайы мониторингтік топтың 6 отырысы өткізіліп, 16 мәселе қаралды. Облыстық және аудандық АМТ мүшелерімен студенттер жатақханаларында 23 рейдтік шара өткізіліп, 1 бұзушылық анықталды.
Мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді бақылау бойынша 2018 жылы департаментпен қоғамдық бақылау шеңберінде «жасырын сатып алушы» әдісімен «Ақжол» шағын және орта бизнесті қорғау Ассоциациясының тікелей қатысуымен 87 шара өткізіліп, соның негізінде 110 бұзушылық анықталды.
Сондай-ақ, «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы бірлесе Орал қалалық №11, №20 мектептерінде тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалды.
Сонымен қатар, департамент қызметкерлері қоғам ұйымдары өкілдерімен бірлесе мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің сыйлық алу және басқа да заңға қайшы әрекеттері фактілерінің алдын-алу бойынша рейдтік шаралар өткізілді.
Жыл бойына мемлекеттік қызметшілердің 8 сағаттан артық жұмыстану және жұмыста кешігу фактілерін болдырмау мақсатында рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізілді.
Версия для печати
Пікір үстеу