8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Желтоқсан 2018 2361 0
Өзек

ЗАҢСЫЗ ШЫРША САТҚАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Оралда шыршаларды белгіленбеген орында сатқаны үшін 10  азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 11  желтоқсаннан бастап БҚО ПД ЖПҚ басқармасының табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері орман шаруашылығын қорғау органдарымен бірлесе Жаңа жыл алдында қылқан жапырақтұқымдас ағаштарды заңсыз түрде кесу, дайындау, сату шараларының жолын кесу мақсатында облыс аумағында рейд жүргізуде.

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз шапқандарға ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабымен  жауапкершілік қаралған. Яғни тәртіп бұзғандар 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе сол көлемде түзету жұмыстарына, 180 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе 60  тәулікке  тұтқындалуы мүмкін.

БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде тәртіп сақшылары белгіленбеген орында қылқан жапырақтарды сатқаны үшін 10 саудагерге ҚР Әкімшілік Кодексінің 204-бабына сай ескерту жасаған.

Айта кету керек, қылқан жапырақты жас ағаштар облысымызға Ресей Федерациясынан рұқсат құжаттарына сәйкес жеткізіледі. Әрі Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімі бекіткен орындарда сатылуы тиіс. Қазіргі уақытта шаһарда қылқан жапырақты ағаштарды сатуға арналған 31 сауда орны бар.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»