8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қаңтар 2019 2124 0
Қалалықтар қаперіне

ӨЗ-ӨЗІҢЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ТИІМДІ

Бүгін қаладағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығы жанынан халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Цифрлық қызмет көрсету орталығы» ашылды. Мемлекеттік қызмет көрсету реестрі бойынша күні бүгінде 741 қызмет түрі болса, соның 454-і электронды түрде көрсетіледі. Бұл 454 қызметті цифрлық орталық арқылы алуға мүмкіндік бар деген сөз.  Бұдан бұлай әр тұрғын электронды цифрлық қолтаңбаларын қарапайым флешкіге – 1 жылға, е-токинг флешкісіне, жеке куәлікке – 3 жылға жазып алып, қажетті құжатын өзі ала-алады.

– Жақын күндері орталыққа осы орайда арнайы үйрету тақталары қойылады. Сондай-ақ болашақта техникалық құрылғылар алынған соң адамның биометриялық деректерін сәйкестендіру арқылы қызмет көрсету енгізіледі. «Өз-өзіне қызмет көрсету» секторында тұрғындар өз бетінше қызмет алады. Мамандар тек қадағалап тұрады. Сондай-ақ қызмет алушыларды оқытатын арнайы сынып ұйымдастырылған. Мұнда қызмет түрлерін өзі алуға ниетті тұтынушылар сабақ алады. Жекелеген тұлғаларға қызмет көрсету бөлмесі де жасақталған.   454 электронды құжаттың ішінде мекенжай анықтамалары, наркологиялық, туберкулезге қарсы, жүйке аурулары орталықтарында есепте жоқтығы туралы анықтамалар электронды портал арқылы беріледі, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  БҚО бойынша пиар-менеджері Жәдігер Дәрменов.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысы Болат Исақов аталмыш орталықтың сыбайлас жемқорлықтың жолын кесеріне сенімді. ­– Өйткені мемлекеттік қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардың арасында тікелей байланыс болмайды. Екіншіден, уақытын үнемдейді. Электронды цифрлық қолтаңбасын әр адам көшіріп алып, бір мәрте қолданып үйренсе, кейін мұнда келіп жүрмей, үйінен шықпай-ақ қалаған қызметін алады. Цифрлық қызметтің мүмкіндігін бәріміз пайдалануымыз қажет. Санаулы минуттардың ішінде кез-келген анықтама ала алатындай дәрежеге жетуіміз тиіс,  – дейді Болат Әлмұқанұлы. Бір байқағанымыз, қызмет алушылар орталық маманы Алма Сәлімбековадан қызмет алуға асық. Айтуларынша, қызметті тез, әрі сапалы көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі болса да, әр үстелдің арасында арбасымен зыр қағып, бәріне бірдей көмек көрсетуге асыққан қырағы маман   бұл күні 25 адамға қызмет көрсетіпті. Тілдескенімізде,  тұрғындардың электронды қызметті үйренуге құлшыныстары жоғары екенін білген соң, олардың уақыттарын жоғалтпай, білгенін шапшаң үйретуге тырысатынын жеткізді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

    

Салтанат ҚАБЕКЕНОВА, қала тұрғыны:

– Жеке құжаттарымды реттеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығында жүргеніме екі күн болды. Флешкіге электронды цифрлық қолтаңбамды көшіріп алдым. Әйткенмен, күні бойы осында жүрмін. Өзімізге қызмет көрсетуді үйрететін мамандар тапшы. Алдағы уақытта үйреніп алсақ, өте тиімді болар еді.

 

Мөлдір БЕКЕЕВА, құжаттарды қабылдау бойынша маман

–   Бізге келушілер өте-көп. Соңғы кезде жүйке ауруларын емдейтін және наркологиялық диспансерден берілетін анықтамалар біздің орталықтан беріле бастады. Екі күн ішінде 150-200 адам тек осы анықтама үшін келді. Әзірге халыққа өзіне қызмет алуды үйретіп жатырмыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
143 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
413 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
654 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
686 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
840 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1037 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1273 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1354 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1463 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1468 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1502 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1509 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1612 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1830 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2141 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2026 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2139 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»