ҚЫЗЫНА БАЛАЛАРДЫ САБАТЫП, ВИДЕОҒА ТҮСІРГЕН
БҚО балабақшалардың бірінде тәрбиеші өз баласына өзге бүлдіршінді сабатқан. Бұл бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.

Әуесқой түсірілімге көз жүгіртсек, бір топтағы екі бүлдіршіннің арасындағы түсініспеушілікті көруге болады. Яғни, қаршадай қыз бала ұл балаға әлімжеттік жасауда. Тіпті қауқарсыз баланың қорыққаннан қарсы шығуға шарасыздығы байқалып тұр. Бұл келеңсіз жайды белгісіз біреу бейнекамераға түсіріп отыр. Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан осы оқиғаны облыстық білім басқармасы мамандары қайда және қашан болғандығын анықтады. Басқармасының бөлім басшысы Светлана Темірғалиеваның айтуынша, бұл оқиға Шыңғырлау ауданындағы «Қызғалдақ» бөбекжайында болан. Ал бейнежазба авторы балбақша қызметкері көрінеді.
– Бөбекжай тәрбиешісі бір жылдан бері «Қызғалдақ» бөбекжайында жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің директорының сөзінше, қызметкердің бойынан бұған дейін ешқандай теріс әрекет байқалмаған. Ал жазбадағы қыз бала тәрбиешінің өз қызы болып табылады. Қызметкер уақытша жұмыстан босатылды. Қазір қызметкердің бұл әрекеті аудандық әкімдік, білім беру бөлімі және ата-аналар тарапынан құрылған тәртіптік кеңесте қаралуда. Ата-аналар тарапынан оның үстінен ешқандай шағым түспеген, – деді Светлана Ибрагимқызы.
Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу