Қызметіне адал медбике
Өзінің 30 жылдық өмірін медицина саласына арнаған Балым Шадманова бүгінде қаламыздағы №3 емхананың функционалды-диагностика бөлмесінің мейіргері қызметін абыроймен атқарып келеді.
№3 емхананың емделушілері Балым Отарқызын өте жақсы көреді. Жылы шырайлы, ашық мінезді мейірбике қан қысымы көтеріліп, жүрегі мазалаған жандарды емдейтін ол осындай ақ көңіл мінезімен 30 жылға жуық ақ халатына кір жұқтырмай еңбек етіп келеді.
Кейіпкеріміз 1967 жылы Ақжайық ауданының Алғабас ауылында қарапайым жанұяда дүниеге келген. Отбасындағы үш ұл, үш қыздың бесіншісі. Әкесі Отар – шаруашылық қамымен үнемі сыртта жүрсе, аналары үй шаруасында болыпты. Балымның медицина салысына келуіне туған әпкесі себеп болған. Бала кезден әпкесіне еліктеп, сол сияқты дәргер болуды қалаған екен. 1984 жылы орта мектепті аяқтаған соң, Орал медициналық колледжге оқуға түседі. 1988 жылы оқуын аяқтап, еңбек жолын жолдама бойынша қалалық перзентханада акушерліктен бастайды. Кейін қызметін №1 емханаға ауыстырады.
– Емханадағы қызметім де әйелдер денсаулығына қатысты болды. Уақыт өте 1999 жылы қазіргі 1 және 3 емхананы қосып отбасылық дәрігерлік амбулаторияға айналдырды. Бірінде үлкендерді, екіншісінде балаларды қарайтын. Сол уақытта мен осы емханаға келіп қалдым. Содан бері емделушілердің жүрек қағысын тексеріп келемін, – дейді Балым Шадманова.
15 жылдан бері жүрек ауруының себебін зерттеп келе жатқан маман кейінгі кезде жүректің шаншуы жасарып бара жатқанын айтады. Мәселен, 2000 жылдары №3 емханада кардиологтың есебінде тұрғандар 400-дей болған екен. Ал қазір олардың саны еселеп арта түскен.
– Соңғы жылдары қан айналымы жүйесі аурулары, оның ішінде жүрек қан-тамырлары ауруы әлемдік деңгейдегі эпидемия сипатына еніп келеді. Алаңдайтын мәселе – мұндай аурулар бұрынғы тәжірибеде тек ересек адамдарға тән болса, қазір науқастар жасарып барады. Жүрек ауруларымен қоса, жастайынан қан қысымы ауруына шалдығатын адамдар саны да көбейіп отыр. Жастардың арасында шылым шегушілер көп. Ал шылым кез келген аурудың басты себебі. Сондай-ақ жасөспірімдер энергетикалық сусынға құмар. Құрамында неше түрлі қоспасы бар жасанды сусын да жүрекке салмақ түсіреді, – дейді жоғары санатты медбике.
Әйткенмен, дер кезінде тексеріліп, көмек алса, қан қысымынан, жүрек ауруынан болатын кеселдің жолын кесуге болады. Еліміздегі медицинаның дамуы жүректі тәулік бойы қадағалауда ұстауға болатын соны құрылғыларға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұрын жүрек қағысы тек сол сәттегі жүректің электрлік құбылыстарын жазып алу арқылы зерттелсе, қазір пациенттің жүру кезінде, таңертеңгі, кешкі уақыттардағы қан қысымы мен жүрек қағысын толық бақылауға болады.
– Жаңа аппараттар бізге 2012 жылы алынды. Тәуліктік жүректің электрлік құбылыстарын сараптау құрылғысын науқасқа тағып жібереміз. Ол күнделік жүргізеді. Сол арқылы біз жүректің қандай жүктеме кезінде құбылатынын нақты біле аламыз. Cardio Soft тредмил жүйесіндегі зерттеулер коронарографияға жолдау барысында тұлғалардың жүктемеге деген гипертензивтік әсерін анықтауға, жүрек ырғағының бұзылуын білуге және диагноз қоюға көмектеседі, – дейді заманауи құрылғылардың тиімділігін түсіндірген Балым апай.
Жаны сүйіп жасайтын қызметі болғандықтан шығар, осы кезге дейін жұмысынан шаршап, шағым айтып көрмепті.
Балым Отарқызы отбасында аяулы жар. Жұбайы Демеуғалимен бір шаңырақ астында 30 жылдан бері берекелі ғұмыр кешіп, ұл мен қыз тәрбиеледі. Қызы Динара Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетін шет тілі мамандығы бойынша қызыл дипломға аяқтаған. Қазір АҚШ-тың ең ірі қаласы – Нью-Йоркте білімін жетілдіруде. Ал ұлы Данияр Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келді. Бүгінде ішкі істер саласында қызметте. Қызметі мен отбасында бақытқа кенелген кейіпкеріміздің ендігі арманы – керегесін кеңейтер келін түсіріп, немере сүю.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Соңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу