8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Наурыз 2025 6963 0
Құттықтаймыз!

Қыз-келіншектерді құттықтады

Бүгін 8 наурыз – Халықаралық аналар күніне орай Орал қаласының әкімі М.Байменов түрлі салада еңбек етіп жүрген аруларды, аналарды айтулы мерекемен құттықтады.


– Сіздерді 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Әрдайым нәзік жандылардың бағындырмаған белесі мен еңсермеген қиындығы кемде-кем. Сондықтан әр сала өкілдеріне және өздеріңіз арқылы қаламыздағы барша әйелдер қауымына, Оралдың гүлденуіне, қоғамның тұрақтылығы мен отбасы құндылықтардың нығаюына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс айтамын, – деген М.Байменов √12 ЖОББМ- нің мектеп алды ұйымының тәрбиешісі, оқыс оқиға кезінде екі бүлдіршінді құтқарған Д.Исаеваға ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.

«Диана» тігін фабрикасының технолог – шебері Г.Мусинаға БҚО әкімі Н.Төреғалиевтың Алғыс хатын табыстады.
Мерекелік шарада басқа да шақырулы қонақтарға гүл шоғы табыс етілді.

Сол секілді зейнеткер – ғалым Т.Дәрішева мен депутат Ә.Ғұбашева осы жиынды ұйымдастырушыларға меймандар атынан алғыстарын жеткізді.

Шараның соңында көркемөнерпаздар әннен шашу шашып, қатысушылардың көңілдерін серпілтті.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
87 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
65 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
77 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
147 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»