Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысы Сюй Куньлиньмен кездесті. Қос тарап екі ел көшбасшыларының басшылығымен Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Бүгінде өңіраралық байланыстар, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп келеді.
Сюй Куньлинь шақыруды қабыл алғаны үшін аймақ басшысына ризашылығын білдірді. Ол былтыр Цзянсу провинциясында басталған екіжақты таныстықтың нәтижелі болғанын тілге тиек етіп, бұл серіктестік алдағы уақытта тұрақты әрі серпінді жалғасатынына сенім білдірді.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей шетелдік инвестиция тарту және инвестициялық тартымдылықты арттыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес аймақта ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
– Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасының стратегиялық серіктестігі беки түсті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша біздің өңір мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі 175 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 1,5 есе көп. Цзянсу провинциясында Халық Үкіметінің төрағасы болғаныңызда сізбен кездесіп, бірқатар бағыт бойынша келісімдерге келген едік. Соның аясында нақты жобалар іске асырылып жатыр. Таяу арада Ляонин провинциясымен де тұрақты байланыс бекиді деген сенім мол, – деді Нариман Төреғалиев.
Аймақ басшысы Батыс Қазақстан облысының логистикалық әлеуеті мен инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру