«ҚЫС-2018» оқу-жаттығу жиыны өтті
Бүгін Батыс Қазақстан облысында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының тәжірибелік бөлімі, яғни 2-кезеңі өтті. Тәжірибелік кезең барысында «Омега құрал жасау заводы» ЖШС-ның ғимаратындағы өртті сөндіру және жою, зардап шеккендерді эвакуациялау, іздеу және шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша іс-әрекеттер пысықталды.

Тәжірибелік бөлімнің алдында Тұңғыш Президент алаңында облыс әкімінің орынбасары Б.Азбаев, БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашев, оқу-жаттығу штабының басшысы, БҚО ТЖД бастығының орынбасары А.Ахметжанов қалалық біріктірілген шұғыл ден қою жасағының маусымға дайындығын тексеріп оқу-жаттығудың тәжірибелік бөлімін бақылауда ұстады. Жаттығу барысында облыста төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қолданылатын барлық қажетті техника мен жабдықтар көрсетілді.

Оқу-жаттығу сценариі бойынша БҚО ТЖД БКДҚБ-ның «112» кезекші телефонына «Омега» құрал жасайтын заводы» ЖШС ғимаратындағы апат салдарынан жертөле орын-жайында және ғимараттың бесінші қабатында өрт орын алғаны, ғимараттан шығып үлгермеген зардап шегушілер бар екені жөнінде хабарлама түсті. Диспетчер жедел тәртіпте шақыру орнына бөлімшелерді жіберді. Шақыру орнына жетісімен және барлау жүргізу барысында «Омега» құрал жасайтын заводы» ЖШС 5 және 1-қабатындағы апаттың салдарынан аталған қабаттарда өрт болғаны анықталады. Объекті әкімшілігінің мәліметтері бойынша қатты түтіндеу, жоғары температура және орын-жайларда (бөлмелерде) ғимараттан шығып үлгермеген қызмет көрсетуші персоналдар бар екенін анықтайды. Барлық арнайы қызметтердің күштері қолданған іс-шаралардың барысында төтенше жағдай жойылып, зардап шеккен жұмысшылар құтқарылып, оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
«Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екі күндегі қорытындысы бойынша барлық алға қойған міндеттер толық көлемде орындалып, оқу-жаттығу мақсатына жетті.
БҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу