Қырық алтыдағы әйел көлік астында қалды!
Аптаның алғашқы күні тағы да оқыс оқиғамен басталды. Мас күйінде көлік жүргізген ер адам жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға бүгін, 13-маусым күні таңғы сағат 7:00 шамасында Әбілхайыр хан даңғылы бойында «Ниссан» автокөлігі және жаяу жүргіншінің қатысымен орын алды. Жолды «белгіленген орыннан» (пешеход) кесіп өтіп бара жатырған 1976 жылғы әйел адам зардап шекті. Ішімдік ішіп көлікті тізгіндейтіндер ақ жолақ сызылған белгіні де елемейтін болды. Абай болайық, ағайын?!
Өз тілшіміз
Пікір үстеу