8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қазан 2024 6005 0
Құттықтаймыз!

Ынтымақты айшықтаған мереке

Қазанның 24-і күні «Атамекен» өнер орталығында 25 қазан – Республика күніне орай «Егемен елім – Қазақстан» атты тақырыпта салтанатты жиын өтті.

Шарада үрмелі аспаптар ансамблінің орындауындағы композициямен ҚР мемлекеттік Туын құрметті қарауыл сарбаздары сахна төріне алып шығып, ҚР гимні шырқалды.

Бұдан соң облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі. – Армысыздар жиналған қауым, құрметті жерлестер! Сіздерді еліміздің айшықты мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Еліміздің тұрақты дамуы жолында батысқазақстандықтар да өз үлестерін қоса білді. Барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық, отбастарыңызға баянды бақыт тілеймін!-деді облыс басшысы.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке жалғасып, патриоттық әндер шырқалды.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Бұл туралы «Жайық үні» газетінің келесі санынан оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
134 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
378 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»