8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Ақпан 2021 1400 0
Дені сау ұлт

ҒЫЛЫМҒА СЕНЕМІН – БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ А.НҰРӘЛИЕВ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ

Батыс Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпені ең алғашқы болып облыс әкімінің орынбасары А.Нұрәлиев алды.

Облысқа Ресейде өндірілген Gam-COVID-Вaк вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Өңірдегі 26 емхана тұрғындарға вакцина салуды бастап кетті.  Алғашқы болып бұл екпені алған облыс әкімінің  орынбасары Айдар Нұрәлиев. Ол екпені қаладағы №1 емханада салдырды.

Алдымен медицина қызметкерлері денсаулық жағдайын тексеріп, вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілім жоқ екенін анықтады. Бұдан кейін коронавирусқа қарсы вакцина егілді.

– Біріншіден, алдын ала тексеру кезінде қобалжыған жоқпын. Екпе салудан кейін де жағымсыз әсерлерді байқап тұрғаным жоқ. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жалпы індет басталғалы сақтанып жүрдім. Екпені ерікті түрде алдым. Мен ғылымға сенетіндердің  қатарынанмын. Бұл вакцина бірнеше зерттеуден өтті. Індетті  жұқтырып алудан қорқып жүргеннен, екпе алып қамсыз жүргенді  дұрыс санаймын, – деді өзінің ерікті түрде екпе салдырғанын айтқан Айдар Аллабергенұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»