Қылмыстарды ашудан БҚО алдыңғы үштікте
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында қылмыстық құқық бұзушылықтар өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға азайған. Қоғамдық толқыныс тудырған қылмыстар 100 пайыз ашылған. Бұл туралы БҚО ішкі істер департаментінде өткен брифингте айтылды.

БҚО ІІД Қылмыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рауан Мусин өңірдегі жағдай тұрақты және бірқатар қылмыстардың саны төмендегенін жеткізді. Атап айтқанда, денсаулыққа қасақана зиян келтірумен байланысты қылмыс 8,2 пайызға, зорлау 44,2 пайызға, бұзақылық 31,3 пайызға, тонау 9,7 пайызға, алаяқтық 15,2% пайызға, өзгенің мүлкін қолды ету 12 пайызға азайған. Әрі қылмыстарды ашу көрсеткіші жоғарылаған. Қазіргі уақытта БҚО ішкі істер департаменті республика бойынша ауыр және аса ауыр қылмысты ашу бойынша – екінші, ауырлығы орташа қылмыстарды ашудан – үшінші орында.
Рауан Мусин жыл басынан бері кісі өлтіру, зорлау, бопсалау сынды қоғамдық резонанс тудырған қылмыс түрлері 100 пайыз ашылғанын айтып, бірқатарына жекелей тоқталды. Биылғы жылдың 19 наурызда Орал қаласы Алматинский көшесіндегі бір үйдің ауласынан «Д» есімді әйелдің мүрдесі табылғаны көпшіліктің есінде. Полиция полковнигінің баяндауынша, қылмыстық және жергілікті полиция қызметтерінің үйлесімді және уақытылы іс-қимылының арқасында күдікті 1990 жылғы А. есімді азамат ұсталып, сот үкімімен12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылған.
7 маусымда Ақсайдағы валюта айырбастау пунктінің қосалқы бөлмеcі ішінде қасақана кісі өлтіру белгілерімен 1966 жылы туған А. есімді азаматтың мүрдесі табылған еді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған дерек бойынша Бөрлі ауданының «П» деген азаматы ұсталып, одан суық қару тәркіленіп алынған. Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
28 шілдеде Зеленов ауданында бұталар арасынан қасақана кісі өлтіру белгілерімен жасы кәмелетке толмаған қыздың мүрдесі табылды. Бұл қылмыс бойынша бір тәулік ішінде күдікті «А» деген азамат ұсталып, қамауға алынған. Осы факті бойынша полицияның Приуральный бөлімі ҚР ҚК-ның 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ департаменттің тергеу басқармасы 12 маусымда Еуразия көшесінде сансыз пышақ жарақатынан жантәсілім еткен 20 жасар жігіттің өліміне күдікті «З»-ға қатысты тергеу амалдарын аяқтап, қылмыстық іспен танысу үшін облыстық прокуратураға жолданған.
16 мамырда Орал қаласы Сейфуллин көшесіндегі үйлердің бірінің терезесінің темір торын қайырып, ішке енген белгісіз тұлғалар сейфтен жалпы құны 18 млн. 810 мың теңге болатын ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Қылмыстық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 1986 жылғы «Р» есімді күдіктінің «ізі» анықталып, тәртіп сақшылары оны Ақтау қаласында қолға түсірген. Қазіргі уақытта сот шешімімен Р. Тешаев кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар Р. Мусин Самара – Шымкент бағытындағы күре жолдың бойындағы Жымпиты ауылына бір шақырым жердегі «АСКО» сақтандыру компаниясы дүңгіршегінің, Орал қаласындағы «West Exchang» айырбастау бөлімшесінде болған тонау фактілеріне қатысты істер бойынша мәлімет беріп, бірнеше алаяқтық әрекетке кінәлі тұлғалардың ұсталғанын жеткізді.
– «Ю» есімді Өзбекстан Республикасының азаматы «ағаш материалдарын жеткізіп беремін» деп алдап, Орал қаласының бірнеше тұрғынынан, 50 мың теңгеден 2,5 млн. теңгеге дейін ақша алған. Қазіргі уақытта Орал қаласы ІІБ Зашаған полиция бөлімі Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Дәл осындай әдіспен, яғни бірнеше азаматқа керамзит блоктарды дайындап беруге «уәде» берген «Г» есімді азамат 150 мың теңгеден 1,5 млн. теңгеге дейін тұрғындардың ақшасын иеленіп кеткен. Бұл факт бойынша департаменттің тергеу басқармасы жоғарыда аталған баптың 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізуде, – деді Р.Мусин.
Өткен 7 айдың ішінде департамент қызметкерлері өзгенің мүлкін ұрлаудың 1 873 фактісі бойынша 1 341 тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Пәтер ұрлығының 58 фактісі дәлелденіп, 37 топ жауапкершілікке тартылды. Осындай ұрлық фактілері ашылуының арқасында биыл сәуір айында Оралда 2017-2018 жылдары 16 пәтер ұрлығын жасаған 1997 жылғы «Т» есімді азамат 2 жыл 6 айға сот үкімімен бас бостандығынан айырылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу