ЫҚСАНОВ КӨШЕСІНДЕ ЖӘРМЕҢКЕ ЖАЛҒАСУДА
Бүгін Ықсанов көшесі бойында дәстүрлі ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Тауарөндірушілерге сауда орындары тегін берілді.
Жәрмеңкеге Бәйтерек, Қаратөбе, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының, Орал қаласы және қайта өңдеу кәсіпорындарымен барлығы 96 тауарөндіруші қатысты.
Жәрмеңкеде барлығы 3 бас жылқы еті, 16 бас сиыр еті, 27 000 дана жұмыртқа, 6,3 тонна картоп, 0,3 тонна қырыққабат, 0,7 тонна сәбіз, 0,6 тонна пияз, 3,7 тонна балық, сондай-ақ шұжық, сүт өнімдері жеміс-жидектер барлығы жалпы 2,9 млн. тенгеге сатылды. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері әдеттегідей нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен екінін байқадық. Мәселен, сиыр еті – 1200, жұмыртқа – 300, картоп 40-50 теңгеден сатылса, пияздың бағасы 120 теңге. Алма – 250, қызанақ – 600, қияр – 500 теңгеден сатылды. Әсіресе, базар құнынан 10-15 пайызға төмен, жаңа сойылған мал етін, картоп, пияз, жұмыртқа кезегіне тұрғандар қарасы қалың. Сондай-ақ жәрмеңкеде сүт өнімдері де сатылуда. Қымыз, айран, қаймақ, сары май, тары-талқанға сұраныс көп. Бірнеше жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырылып жүрген бұл бастама біріншіден, өңірлік тауар өндірушілердің өнімін өткізудің тиімді тәсілі болса, екіншіден, ел-жұрттың ақшасын үнемдеуге үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу