8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2021 1502 0
Өзек

WHATSAPP-ТА ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА ҰЙЫМДАСТЫРҒАН

БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті қаржылық пирамида құру арқылы алаяқтық жолмен қаражат иемдену фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабымен тергеу амалдарын жүргізуде. 

Департаменттің мәліметінше, қаржылық пирамида «WhatsApp» мессенджерінде «SWEET MONEY» деген атаумен ұйымдастырылған. Оған 70-тен астам адамды қатыстырып, алаяқтық жолмен қаражатты иеленіп отырған. Аталған жобаның шартына сәйкес, «Kaspi Gold» банктік карточкаларына ақшалай салымдар салу арқылы жобаға кірген салымшылар, салым салынған күннен бастап 6 күн ішінде салым сомасының 50-70 пайызын алуға тиіс. Қаржы пирамидасының құрылымына сәйкес қаражат салымшыларға оның жаңа қатысушылары салған қаражат есебінен бөлінеді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті пирамиданың басты міндеті – жаңа қатысушыларды тарту екенін ескертеді Әдетте, пирамиданың негізін қалаушы қомақты қаражат жинап, төлемдерді тоқтатады және барлық ақшамен бірге өзі де таса болады.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті  «SWEET MONEY» зергерлік салонының осындай әрекеттерінің құрбаны болған азаматтарды  департаменттің +7 (7112) 53-84-27 сенім телефонына хабарласуларын сұрайды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»