8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Шілде 2024 4264 0
Оқиға

Вэйп сатуды ұйымдастырған жергілікті тұрғынды ұсталды

«Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласының тұрғынын ұстады.


Ол Телеграмм мессенджерінде интернет-дүкен арқылы сатуға тыйым салынған электрондық темекілерді заңсыз сатумен айналысқан.

Ол кәмелетке толмаған жасөспірімге электронды темекі сату кезінде ұсталды. Жасөспірім 6500 теңге төлеген.
Оның тұрғылықты жерін тінту барысында жүзге жуық бір реттік темекі, оны шегуге арналған 137 құрылғы мен сұйықтық табылып, тәркіленді.

Шекпейтін темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейп), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша Орал қалалық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметі азаматтарға Мемлекет басшысы шекпейтін темекі өнімдерін, вейптарды, хош иістер мен оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салатын заңға қол қойғанын еске салады.

Шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сатқаны және таратқаны үшін  2024 жылы 200 АЕК (738 400 теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салынатын не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланатын болады.

БҚО ПД Баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»