УНИВЕРСИТЕТТЕ – ЖАҢА КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҚ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде коворкинг орталық ашылды.


Оқу орнының екінші қабатында орналасқан кітапхана жанынан ашылған коворкинг орталық – студенттердің түрлі жобалармен жұмыс жасауына мүмкіндік бермек. Орталық үш аймаққа бөлінген. Ұлттық нақышта жабдықталған бірлескен жұмыс аймағы – түрлі жаңа жобаларды талқылауға ыңғайлы үлгіде жабдықталған, ал жеке жұмыс алаңында – түрлі ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Ақпараттық, әдеби-танымдық, қоғамдық-саяси, техникалық, экономикалық және тіл біліміне қатысты газет-журналдар, жаңа кітаптарды осы аймақтан табуға болады. Жоғары жылдамдықтағы интернет жүйесіне қосылған бірнеше компьютер де студенттердің қолдануы үшін қойылған.
– Жастар арасында қазір мотивациялық кітаптар кең сұраныста. «100 жаңа кітап» жобасы бойынша аударылған 47 кітап біздің қорымызда бар. Олардың ішінде бизнеске қатысты кітаптар көп және олар электронды түрде қолжетімді. Студентеріміз осы кітаптарды жиі оқиды, – дейді ғылыми кітапхана директоры Айгүл Есенаманова.
Орталықтағы кең аумақ тренингтер өткізуге арналып, жасақталған. Коворкинг орталықтың ашылуымен студенттердің облыстағы жастар ұйымдары жетекшілерімен кездесу ұйымдастырылды.


Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу