8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Ақпан 2019 2557 0
Дені сау ұлт

ТУБЕРКУЛЕЗ ЖҰҚТЫРҒАН АНА МЕН БАЛА КӨБЕЙДІ

 Орал қаласы бойынша балалар және босанған әйелдер арасында туберкулез ауруы көбейді.

 

Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2017 жылы өңірде осы аурудың 158 жағдайы анықталса, 2018 жылы 159 ауру  тіркелген. Бұл ауруға көбінесе еңбекке қабілетті жастағы адамдар шалдығуда. Еңбек жасындағы адамдардармен қатар жастар мен балалар арасында да ауру анықталуда. Мәселен, былтыр жоғары және арнаулы орта білім беретін ұйымдарында оқитын 14 студенттің ауруға шалдыққаны белгілі болды. Соңғы жылдары ата-аналардың жаңа туған сәбилерге перзентханада салынатын туберкулезге қарсы екпеден бас тартуы салдарынан балалар арасында аурушаңдық аурушаңдық артты. 2017 жылы – 1 жағдай анықталса, өткен жылы 3 бала тіркелді. Босанған әйелдер арасында да туберкулез ауруы өршіп тұр. 2017 жылы – 3 жағдай болған болса, 2018 жылы бұл бірден 3 есеге артып, 9 әйелдің  ауырғаны анықталып отыр.

Мамандар көбінесе әйелдер өз денсаулығына салғырт қарауынан ауру пайда болатынын айтады. Ал жүктілік кезінде әйелдердің иммунитеті әлсірейтінін ескеру керек. Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Д.Жұмағазиеваның айтуынша, қақырықты түкірмеу – жұқтырылған Кох таяқшасы болуы ықтимал шаңды жұту арқылы аурудың таралуына ықпал ететін зиянды әдет. Аурудың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану, жеке бас гигиенасын сақтау, тазалықты сақтаутабиғат аясында демалу, зиянды әдеттерден аулақ болуы аса маңызды.

«ЖАЙЫҚ ҮНІ»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»