8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2024 2633 0
Оқиға

Тоғызыншы қабаттан секірмекші болған

Орал қаласында учаскелік полиция инспекторлары 9 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетпекші болған жігітті құтқарып қалды.

Мамырдың 12 күні сағат түнгі 23:20 кезінде полиция қызметіне Орал қаласының тұрғыны хабарласып Құрманғазы көшесінің бойындағы тоғыз қабатты үйлердің бірінің төбесінде белгісіз біреудің жүргені туралы хабар береді.

Аталған мекенжай бойынша келген полицейлер түнгі патрульде жүрген Орал қ. ПБ Абай Пб учаскелік инспекторлары полиция лейтенанттары Утенов Ернар және Жасыбаев Медетнар үйдің төбесіне шығып, аяғын төменге салбыратып отырған ер адамды көреді. Тәртіп сақшылары жағдайды бағалап, уақытты жоғалтпай, тез арада аман алып қалуға шешім қабылдайды.

Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ер адамды әңгімеге тарта бастайды. Оның алданып тұрған сәтін пайдаланып, оңтайлы сәтте оны өзіне тартып қалып, қауіпсіз жерге алып шығып, тыныштандырады.

Секірмек болған 30 жастағы жігіттің мұндай іс-әрекетке қандай жағдай интермелегенін тексеру барысында оның әйелімен жанжалдасып, мас күйі жағдайында осындай іс-әрекетке барғаны белгілі болды.
Абырой болғанда бәрі сәтті аяқталды. Тәртіп сақшыларының қырағы және ептіліктерінің арқасында тағы бір адамның өмірі аман қалды.

Кейін полицейлер оны Орал қаласындағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді. Ер адамның өміріне еш қауіп жоқ.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
77 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
117 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
298 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»