8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2019 1788 0
Қоғам

ТІРЕК БАҒАНДАР АУЫСТЫРЫЛЫП, КАБЕЛЬДІК ЖЕЛІЛЕР ЖАҢАРДЫ

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның қайта құрылымдау және жаңғыртудан өткен электр желілері нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

2015 жылдың 25 тамызында «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісіп, Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментімен бірлесе, 2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы активтерді жаңғырту мен қолдау бойынша инвестициялық бағдарлама жасақтады. Инвестициялық салымдардың орта мерзімді кезеңге көлемі 1 605,1 млн. теңгені құрайды. Биыл инвестициялық бағдарлама бойынша 331,605 млн. теңгеге жұмыстар жоспарланған. Аталған сомаға 11 іс-шара атқарылуы белгіленген. Алайда, жоспар 37  пайызға ғана орындалыпты. Орал қаласында биыл үш қосалқы станцияларды жаңғырту жұмыстары орындалған. Атап айтқанда, «Западная» 110/10 кВ, «Центральная» 110/10 кВ және «Омега» 110/35/10 қосалқы стансаларында электрлігазды ажыратқыш бөлгіштер мен қысқатұйықталулар және ажыратқыш ауыстырылған. Биылғы жылы инвестициялық бағдарлама аясында 110 мың кВ-тық 3 электрлі газды ажыратқыш алынып, оның екеуі «Западная» қосалқы стансасына, біреуі «Центральная» 110/10 кВ стансасына орнатылған.

– Бұған дейінгі болған құрылғының кемшілігі – жүктеме артқан кезде ажыратқыш қысқа уақытқа айырылып, қайтадан қосылатын. Қыс мезгілінде құрылғының мұздап қалуы, салдарынан жарықтың жиі өшуі орын алды. Көптеген тұтынушылар қиындық көрді. Бірақ, бұл қалыпты саналатын. Электр жабдықтарының орта мерзімді қызмет етуі – 25-30 жыл екенін ескерсек, 50 жылға жуық қызмет еткен құрылғының әбден тозығы жеткені түсінікті жайт. Инвестициялық бағдарлама аясында орнатылған жаңа құрылғының артықшылығы көп. Бұрын трансформаторларға май құю арқылы ажыратылса, қазір қолданылып отырған серіппелі тартпалы электргазды ажыратқыштың диэлектрлік беріктігі жақсы. Пайдалану мерзімі кемінде – 30 жыл. Демек 30 жыл бойы трансформатордың да, желілердің үзіліссіз жұмыс жасауы қамтамасыз етілген, – дейді «БҚ электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қалалық электр желілері қосалқы станциясы қызметінің басшысы Виктор Чеснаков.

Электр желілерін таратушы компания өкілдері қала бойынша әлі алты жаңа электрлі газды ажыратқыштың қажеттігін айтты. Олардың бағасы қымбат болғанымен, бұл саладағы мәселелердің шешілуіне септігін тигізері анық.

Облыс аумағындағы электр желілерінің басым бөлігі әбден тозған. Бұл орайда қала ішінде ауқымды жұмыстар қолға алынды. Соңғы жылдары ағаш бағандардың орнын темірбетонды тіректерге ауыстырылуда. Биыл дәл осындай 18 дана бағана қойылған. Қазіргі уақытта «Землячка» қосалқы стансасынан ТП-1-ге дейін 700 метрдей әуе желісі АС-50 сымына ауыстырылып отыр. Бұдан бөлек шаһардың 10 учаскесінде 0,4 кВ-тық кабельдік желілерін ауыстыру жоспарланған. Бүгінде көзделген 2 шақырымдық желінің 1,3 шақырымы бойынша қайта құрылымдау жүргізілді. Қалғаны жыл соңына дайын атқарылмақ. Сондай-ақ Теректі ауданының Ақжайық ауылында облыстың орталық аудандарымен электр желілерін қосуды жедел басқару мақсатында радио-желілік станса орнатылған. Мамандардың бағамынша, жасалған жұмыстар апаттылықты азайтып, қаланың тұтынушыларын тұрақты электр энергиясымен үзіліссіз қамтылуына кепіл болмақ.

Айта кетейік, 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2016-2019 жылдар аралығында 1 165,5 млн теңге қаралған болса, 2020 жылы – 439 млн. теңгеге электр желілерін қайта құрылымдау және жаңғырту шаралары жүзеге асырылмақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
105 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
325 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
811 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1187 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1107 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1548 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2163 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2330 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2337 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2387 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2390 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2024 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2872 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2925 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2922 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3530 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3501 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3489 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3468 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3629 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3675 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»