8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қаңтар 2024 2525 0
Оқиға

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан

Ақтөбе қаласының мектептеріне қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан күдікті анықталды. Ол жақын шетелдің 18 жастағы азаматы болып шықты.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Алаңдауға негіз жоқ.

– Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбе мектептеріне террорлық шабуыл жасалатыны туралы ақпарат тарап, көпшілік үрейге бой алдырды. Ақтөбе облысының әкімі бірден аталған мектептерге барып, қауіпсіздік жүйесінің жұмысымен танысты.  Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»