ТЕРЕКТІНІҢ КӨРМЕСІНЕ КЕЛІҢІЗДЕР
Орал қаласындаңы Қадыр Мырза Әли мәдениет және өнер орталығында қолға алынған аудандық суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі жалғасуда. Алғашқы айда Бәйтерек ауданымен басталған көрмені Теректі ауданы іліп әкетті. Бүгін салтанатты түрде көрменің ашылуы өтті.

Ашылу салтанатында орталық директорының орынбасары Н.Тасболатов көрмені жабдықтауға ұйытқы болған теректіліктерге ризашылығын білдіріп, аудан әкімдігіне орталық директоры Бауыржан Ергенұлының Алғыс хатын табыстады.
Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші, кескіндемеші Б.Оразов, Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Мүтиев, ауданның «Құрметті азаматы» М.Шынбаевтар «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласына үн қосуға арналған бұл бастаманың оң екенін алға тартты.
Ал Теректі аудандық балалар саз мектебінің «Үлгілі» халық аспаптар оркестрі (жетекшісі «Құрмет» орденінің иегері, «Дарын» сыйлығының лауреаты Е.Нұрымбетов) келушілердің алдында күйдің нақышын келтірсе, О.Ғаббасов, А.Қуанышқалиевалар әдемі ән салып өнерлі елдің мерейін асырды.
Көрме бір ай бойы жалғасады.


Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу