8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қараша 2019 2111 0
Қоғам

ТЕОЛОГ АҚБӨПЕ ТІЛЕГЕНОВА БӨРЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Бөрлі ауданына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ бойынша республикалық әйелдер-қыздар секторының жетекшісі, теолог маман Ақбөпе Тілегенова  аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаевпен кездесіп, алдағы уақытта бірлесе отырып жұмыс жасау жолдары келісілді. Әңгіме барысында мұсылман қыз-келіншектердің мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ананы, жалпы әйел затын қадірлеу мәдениеті – Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі. Қазақ халқының руханиятында ананың қоғамдағы орны да ерекше. Отбасының ұйытқысы болған ананың бала тәрбиесіндегі алар орны да орасан зор. Бүгінгі таңда жастардың дін жолына бағыт бұрғаны баршаға аян. Дегенмен, теріс пиғылды ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастарымыз да жоқ емес. Осының алдын алу бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда теолог маман Ақбөпе Тілегенова мешіттің әйел-қыздар секторымен кездесіп, «Әйел бақыты» тақырыбында уағыз айтты. Сонымен қатар мешіт жанындағы әйел-қыздар секторына арналып Бөрлі аудандық мешітінде Мәуліт мерекесі өтті. Аталмыш игі шараға облыстық мешіттің әйел-қыздар секторының меңгерушісі Анаргүл Демеуітова қатысып, ардақты пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен уағыз айтып, мәуліт мерекесін атап өтудің маңыздылығы айтылды.

Кеш арнайы жайылған дастархандағы ақ бата-тілектермен аяқталды.

 

БӨРЛІ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
114 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
89 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»