ТЕОЛОГ АҚБӨПЕ ТІЛЕГЕНОВА БӨРЛІ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Бөрлі ауданына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ бойынша республикалық әйелдер-қыздар секторының жетекшісі, теолог маман Ақбөпе Тілегенова аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаевпен кездесіп, алдағы уақытта бірлесе отырып жұмыс жасау жолдары келісілді. Әңгіме барысында мұсылман қыз-келіншектердің мәселелері жан-жақты талқыланды.

Ананы, жалпы әйел затын қадірлеу мәдениеті – Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі. Қазақ халқының руханиятында ананың қоғамдағы орны да ерекше. Отбасының ұйытқысы болған ананың бала тәрбиесіндегі алар орны да орасан зор. Бүгінгі таңда жастардың дін жолына бағыт бұрғаны баршаға аян. Дегенмен, теріс пиғылды ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастарымыз да жоқ емес. Осының алдын алу бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда теолог маман Ақбөпе Тілегенова мешіттің әйел-қыздар секторымен кездесіп, «Әйел бақыты» тақырыбында уағыз айтты. Сонымен қатар мешіт жанындағы әйел-қыздар секторына арналып Бөрлі аудандық мешітінде Мәуліт мерекесі өтті. Аталмыш игі шараға облыстық мешіттің әйел-қыздар секторының меңгерушісі Анаргүл Демеуітова қатысып, ардақты пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен уағыз айтып, мәуліт мерекесін атап өтудің маңыздылығы айтылды.
Кеш арнайы жайылған дастархандағы ақ бата-тілектермен аяқталды.
БӨРЛІ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу