8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қараша 2023 3672 0
Қалалықтар қаперіне

Техникалардың қысқа дайындығын пысықтады


Бүгін, қарашаның 16-сы күні қала әкімі Миржан Сатқанов коммуналдық мекеме-«Жайық таза қала» ЖШС техникаларының қысқы маусымға дайындығын тексеру мақсатында барлық техниканы аралады.

Бұл дайындықтың жай-күйі жөнінде «Жайық таза қала» ЖШС директоры Ринат Нұрғалиев: – Бүгінде қысқа мерзімге мекемеде 197 бірлік техника, 750 жұмысшы қызмет етеді. Ағымдағы жылы бес жаңа техника сатып алынды. Оның төртеуі жолды тазартып, біреуі қарды тиейтін көлік. Полигонымызда 15000 тонна өндіретін материал бар, – деп тыңғылықты әзірлік бар екенін жеткізді. Бұдан соң шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы техникалардың сапасына ерекше мән беріп, қар тасымалдау сызбасы кестеге сай жүру қажеттігін тапсырды.

Ең басты талап – қар жауған сәттерде, алдымен автобус жүретін жолды бірінші тазалау қажет екенін айтты. Тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға айрықша көңіл аударып, бағыт-бағдар беруде тиімді тәсілдерді пайдалану керектігін қадап айтты.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»